Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Украинаның оқу орындарында президент портретін ілуге тыйым салынды

Украинаның білім және ғылым министрі Сергей Квит мектеп  қабырғасына президент Петр Порошенконың портреттерін ілуге тыйым салды. Бұл туралы ТАСС хабарлайды.

16-02-16-poroshenko

Министр білім ордаларына елдің басшысы суреттерін іліп қоюға жол беруге болмайды деп есептейтінін ашық айтқан. Ол министрлік сайтына салған жазбасында «Украина білім және ғылым министрлігіне келіп түскен жекелеген фактілерді ескере отырып, мен білім министрі мен басқа да мемлекеттік қызметкерлердің портреттерін оқу орнына іліп қоюға жол беруге болмайды деп есептеймін», – деген.

Талқылау