Украинада жылқы шаруашылығы қымыз жасап пайда тауып отыр
Қазақ халқының ұлттық сусыны – қымыз Украина халқының да үлкен сұранысына ие бола бастады. Киев маңындағы жылқы зауыты күніне жүз литр қымыз дайындайды. Оның туберкулез бен көкжөтелді емдеудегі ерекше қасиетін бүгінде жергілікті тұрғындар түсініп, тапсырысты ұлғайтыпты.
«Шоқпардай кекілі бар, қамыс құлақ», – деп ұлы Абай жырлаған жылқылар дәл осы ат фермасында жүргендей әсер қалдырды. Шетінен сұлу арғымақтары, бойы биік биелері мен тай-құлындары бар бұл ат зауыты осыдан 13 жыл бұрын бой көтерген. Бүгінде елдегі ең ірі шаруашылық жүзге жуық жылқы ұстайды әрі тәулік бойы қымыз саудасын қыздырып отыр, деп хабарлайды 24 хабар.
“Қолдағы жылқыларға тек таза тамақ – құнарлы шөп, бидай дәнін береміз. Жаз кезінде жасыл жайлауда бағылады. Ат қораны таза ұстауға тырысамыз. Жылқы тазалықты жақсы көреді”, – дейді жылқышы Анатолий Крамор.
Қымыз ашытудың қас шебері Алена сусынның емдік қасиетіне қанық.
«Қымыздың қадірін біле бастаған қарапайым жұртшылық оны алыс-жақын жерлерден арнайы іздеп келеді», – дейді маман. Емдік сусын деп бағаланатын бұл өнім түрі бүгінде Украинаның түберкулез диспансерлеріне де жеткізілетін болған.
“Қымыз – ешқандай химиялық қоспасы жоқ, экологиялық таза өнім. Қазір ол үлкен сұранысқа ие. Коклюш сияқты жөтел ауруы мен құрт дертіне шалдыққандар көп іздеп келеді”, – дейді ат шаруашылығының маманы Алена Баранчук.
Бие байлап, қымыз ашытып отырған ат шаруашылығы емдік сусынның өндірісін екі есеге ұлғайтуды жоспарлап отыр. Олар «қымыз терапиясын» қолға алмақ. Бұл дегеніңіз – ел аумағындағы емдік демалыс орындарында қымызды кеңінен дәріптеу.
Тағы да оқыңыз:
Ресей “Байқоңырдың” бір бөлігін Қазақстанға қайтарады
Шымкент-Астана әуе рейсінің жолаушысы қаза болды
Түрмеде намаз оқыған сотталушылардың жыныс мүшесіне ыстық су құйып азаптаған