Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Украинадан эвакуациялық алтыншы рейс Алматыға аттанды

16 наурызда қазақстандықтарды эвакуациялау үшін Польшаның Катовице қаласынан Қазақстанға алтыншы репатриациялық рейс ұшты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ұшақ 16 наурыз күні түстен кейін Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 15.45-те ұшты. Ұшақ Алматыға қонуды жоспарлап отыр. Бортта 14 жолаушы бар.

"Осылайша, Украинадан 836 адам шығарылды, олардың 690-ы репатриациялық ұшақпен Қазақстанға қайтарылды", - деп хабарлады ҚР СІМ.

Еске салайық, эвакуацияланған қазақстандықтармен алғашқы рейс Алматыға 28 ақпанда қонды. "Эйр Астананың" бортында 175 қазақстандық, оның ішінде алтауы сәби болған.

1 наурызда 120 қазақстандық, оның ішінде төрт бала Нұр-Сұлтанға екінші ұшақпен ұшты.

4 наурызда елордаға Қазақстан азаматтары мінген үшінші ұшақ қонды. Бортта 131 жолаушы болған, оның ішінде 20 бала. 

10 наурызда Украинадан эвакуацияланған қазақстандықтармен бірге төртінші репатриациялық рейс Нұр-Сұлтанға келді. Бортта 155 жолаушы, оның ішінде жетеуі сәби болған.

15 наурызда Украинадан эвакуацияланған қазақстандықтармен бесінші рейс Алматыға аттанды.

Дана Русланқызы
Сәрсенбі, 16 Наурыз, 2022 18:54
Талқылау