AAPL
143.78 $
2.32 %
TSLA
707.73 $
7.43 %
NDAQ
150.93 $
2.33 %
GOOGL
2155.85 $
1.88 %
FRHC
41.25 $
2.79 %
AAPL
143.78 $
2.32 %
TSLA
707.73 $
7.43 %
NDAQ
150.93 $
2.33 %
GOOGL
2155.85 $
1.88 %
FRHC
41.25 $
2.79 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Украинадан 700-ден астам Қазақстан азаматы шығарылды

Қазақстандық дипломаттар 731 Қазақстан азаматының Украинадан шығуына көмектесті. Оның ішінде 662 адам Польшаға, қалғаны Молдова, Румыния, Венгрия және Словакияға аттанған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

9 наурызда Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 16.02-де Атыраудан Катовицеге (Польша) 4-ші эвакуациялық ұшақ ұшты.

Белгілі болғандай, бұған дейін үш репатриациялық рейс арқылы 432 ел азаматы Қазақстанға жеткізілген.

Қазір Катовице қаласында 165 қазақстандық бар. Сонымен бірге, Украина-Польша шекарасын кесіп өту үшін кезекте тұрған Қазақстан азаматтары жоқ. Республиканың Львовтағы  консулдығы жанындағы эвакуациялау пунктіне 11 адам жиналды, Харьковта 7 қазақстандық қалды.

Қазақстанның Украинадағы елшілігінің мәліметінше, Мариуполь қаласында орналасқан республика азаматтарының жалпы саны 18 адамды құрайды. Электр қуатының үзілуіне және телефон байланысына байланысты қазіргі уақытта олармен байланыс орнату мүмкін емес.

Украинаның Сумы қаласынан барлық қазақтар көшірілді. Олардың екеуі Львовқа бет алды.
Киевтегі жағдайдың нашарлауына байланысты қазақстандық дипломаттар Львов қаласына уақытша көшіріліп, Қазақстан азаматтарына көмек көрсету жұмысын әдеттегідей жалғастыруда.

Қазақстандық 57 жүк көліктің  44-і Украина аумағынан шығып кетті, ал қалған 13 көлікке барынша қажетті көмек көрсетілуде.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр