Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Украинадағы соғысқа Ресей тарапынан қатысқан азамат өзін Қазақстанға депортацияламауды сұрады

Украинадағы соғысқа ресей тарапынан қатысқан 48 жастағы Әлихан Сануев Ресей прокуратурасынан өзін Қазақстанға депортацияламауды сұрады. Айтуынша оның құжаты КСРО кезінен болғандықтан құзырлы органдар нақты қай елдің азаматы екенін анықтамаған. Ал Қазақстанға келетін болса, ол әскери қақтығысқа қатысқаны үшін 9 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Mash порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Әлихан Сануевтың құжатында Қазақ КСР-де туғаны көрсетілген. 2007 жылы ол 228-бап бойынша айыпталып, жеті жылға бас бостандығынан айырылған. Жазасын өтеп жатқан кезде Федералдық қылмыстық атқару қызметі оның қай мемлекеттің азаматы екенін анықтауға тырысқан. Сол үшін Ресей мен Қазақстанның тиісті органдарына сауал жолданған. Бірақ олар ешқандай жауап ала алмаған.

"Қырымның Ішкі істер министрлігі Артемовскіні басып алуға атсалысқан еріктіні Қазақстанға жібергісі келеді. Ол әскери қақтығысқа қатысқаны үшін 9 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Мұның бәрі уақытында өзгертілмеген КСРО төлқұжатының кесірі", - делінген хабарламада.

Ресей жағында соғысқан Сануев көмек сұрап прокуратураға жүгінген.

“Ол алты айдың ішінде 43 рет шайқасқа шыққан. Бірақ ол еліне оралған соң, азаматтығы жоқ екенін, куәлігінің күші жойылғанын, сондықтан оны Ресейден шығарылатынын білген. Көші-қон орталығындағылардің бірі де оның мәселесіне алаңдап жатқан жоқ.  Олар тек жаңа азаматтық төлқұжат алу үшін 15 күн ғана уақыт берген. Ал мұндай қысқа уақыт ішінде барлық құжатты жасап бітіру мүмкін емес. Енді Сануев пен оның отбасы оны Қазақстанға жіберіп, іскери қақтығысқа қатысқаны үшін 9 жылға бас бостандығынан айыра ма деп үрейленуде. Ер адам көмек сұрап прокуратураға жүгінді ", - деп жазады басылым.

Талқылау