Украинадағы бейбітшілік үшін шіркеуде дұға етіп отырған: Минскіде ОМОН қызметкерлері үш әйелді ұстап әкетті
Беларусь астанасы Минскідегі православтық соборына бейбітшілік үшін дұға етуге келген әйелдерді ОМОН-дықтар ұстады, деп хабарлайды "Белсат" телеарнасы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме беріп.
Құқық қорғаушылардың айтуынша, 3 наурызда белоруссиялық сарбаздардың туыстары Немигадағы соборға жиналды. Олар бейбітшілік үшін дұға еткісі келген және олар ешқандай плакат ұстап келмеген.
Ғибадатханада азаматтық киімдегі арнайы қызмет қызметкерлері рация ұстап жүрген. Ғимараттың жанында ОМОН қызметкерлері кезекшілік етті. Кейінірек олар әйелдерді ұстап ала бастады. Ұсталғандардың ішінде үш әйел бар. Собордың діни қызметкері қауіпсіздік күштерінен оларды босатуды сұрады, бірақ әскерилер олардың сөзіне құлақ аспады.
Беларусь Ресейге Украинаға солтүстіктен шабуыл жасауға мүмкіндік берді. Ал ел басшысы Александр Лукашенко "Ресей әскерлері жаттығу кезінде болған Чернобыль аудандарынан екі-үш зымыран ұшырылғанын" мойындады.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”