"Украинада 575 күннен бері күлкінің үні естілмейді": Қазақстандық шоумен ресейлік әзілкеш Дороховқа видеоүндеу жасады
Танымал қазақстандық шоумен Мәлік Хасенов ресейлік әзілкеш Денис Дороховқа видеожауап жолдады. Онда ол соғыс және концерттің тоқтатылуы туралы айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Бейнеден алынды
Бейнежауабында Хасенов "Камызяки" КВН командасының концертіне барғысы келгенін, бірақ оның Азамат Мұсағалиев пен Денис Дороховтың Украинадағы соғысқа арналған іс-шараға қатысуына байланысты болмай қалғанын айтты. Ол КВН командасының мүшелерінен мұндай әрекет күтпегенін жеткізді. Хасенов қазір "Камызяк" командасы "СВО планетасына" әлдеқайда жақын екенін атап өтті. Бұл ретте ол украиналық әріптестерінің майдан шебінде соғысып жатқанын естеріне салды.
"Мен әйеліммен бірге концертке барғым келген. Бірақ халық петицияға қол қойып, концерт кенеттен тоқтатылды.
Украинада бұрын КВН ойнадым, алайда онда 575 күннен бері күлкі естілмейді. Соғыс даласында танкте "Вася Гуменюк, алғы шепте Валера Войцеховский. Олар өз таңдауын шын жүректен жасады, сен де өз таңдауыңды жасадың. Шекараны құрметтейік, өлімді тоқтатайық. Бәрі қалыпқа келгенде, Лепспен бірге келіп өнер көрсетіңдер. Достық ғасырлар бойы қалыптасқан, оны бұзуға сенің де, менің де құқығым жоқ. Тоқтатылған концерт достықты жоққа шығара алмайды", - деді қазақстандық шоумен Мәлік Хасенов.
Еске сала кетейік, Астанада "Камызяк" КВН командасы концерттік кеш өткізбек болған еді. Алайда қазақстандықтар шоуменнің Ресей президенті Владимир Путиннің сенімді өкілдерінің тізімінде екенін байқаған. Олардың Украинадағы соғысқа қатысты ұстанымы да екіұшты.
Мұсағалиев Денис Дороховпен бірге "Донецк халық республикасы" деп аталатын жерде концерт бергеннен кейін қазақстандықтар концерттерін тоқтату туралы петиция құрды. Теріс пікірлердің көп келуіне байланысты ұйымдастырушылар Астана мен Алматыдағы турлар толығымен тоқтатылғанын хабарлады.