Украина екі қазақстандық компанияға қарсы санкция енгізді
Украина президенті Владимир Зеленскийдің жаңа санкциялар пакеті туралы бұйрығы жарияланды. Тізімде қазақстандық компаниялар да бар. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Санкцияға отандық "ИТС-Астана" ЖШС мен "Тыныс" АҚ компаниялары ілікті.
"ИТС Астана "дәнекерлеу жабдығын жеткізеді және ресейлік"ИТС-Орал" компаниясы зауытының Қазақстандағы ресми өкілі болып табылады.
Ал "Тыныс" АҚ полиэтилен құбырларын, автомобиль крандарын, мүгедектер арбаларын шығарады. 2013 жылдан бастап оқ-дәрілер мен жеке қорғаныс құралдарын тігу цехы ашылды. Мемлекеттік қорғаныс тапсырысын орындау шеңберінде компания Қазақстанның күш құрылымдары үшін оқ өтпейтін жилеттер, броньды жүйелер және соққыға қарсы қалқандар шығарады.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”