Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Украина билігі АҚШ-тың президенттік сайлау өткізу туралы өтінішін қабылдамады

Украина президентінің кеңесшісі Дмитрий Литвин АҚШ-тың арнайы өкілі Кит Келлогтың елде сайлау өткізу туралы ұсынысынан бас тартты. Зеленскийдің кеңесшісі бұл жоспарды “сәтсіз” деп бағалады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Аvia.pro басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: Andriano / Shutterstock.com

Украина президенті Владимир Зеленскийдің коммуникациялар жөніндегі кеңесшісі Дмитрий Литвин президент сайлауына қатысты жоспар тек атысты тоқтатып, сайлау өткізумен ғана шектелсе, "сәтсіздік" болатынын айтты. Оның сөзінше, "Путинді бұл екі нәрсемен қорқыту мүмкін емес".

Бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамптың Украина бойынша арнайы өкілі Кит Келлогг Reuters агенттігіне берген сұхбатында Вашингтон Украинаның президент сайлауын жылдың соңына дейін өткізіп, Ресеймен жақын арада бітімге келгенін қалайтынын айтты. 

Сондай-ақ Дмитрий Литвин демократиялық мемлекеттердің көбі соғыс кезінде сайлау өткізететінін және мұның демократия үшін пайдалы екенін атап өтті. 

Киев Келлогтың толық сұхбатын көрмегендіктен Литвин оның ұстанымын толық бағалау қиын екенін айтты. 

Украина тарапы Мәскеу болашақта шабуыл жасамайтынына кепілдік бермейінше, соғысты тоқтатпайтынын бірнеше рет мәлімдеді. Қазір елде соғыс жағдайына байланысты сайлауға тыйым салынған.

Талқылау