Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Украина Қазақстанда жұмыс істейтін компанияны "соғыстың демеушілері" тізіміне қосты

Украинаның сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жөніндегі ұлттық агенттігі  Unilever азық-түлік және тұрмыстық химия тауарларын өндіретін британиялық компанияны "соғыс демеушілері" тізіміне енгізді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Forbes сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

Корпорацияға 400-ден астам халықаралық брендтер тиесілі, олар 280 кәсіпорында, соның ішінде Ресейде де шығарылады. Domestos, Axe, Rexona, Dove, Calve, Rama, Brooke Bond, Lipton, Crème Bonjour, CIF, Knorr, Sunsilk, Timotei, CLEAR, "Чистая линия" және басқа да көптеген бренд бар.

Ресейде Unilever-де 3000-нан астам қызметкер жұмыс істейді. 

Ресей Украинаға толық басып кіргеннен кейін компания өз өнімдерін Ресейге жіберуді, жарнамалық шығындарды тоқтатуға уәде берген. Алайда соғыс жылында Unilever Russia кірісі 23,6 миллиард теңгеден (€56 миллион)  45,3 миллиард рубльге (€108 миллион) екі есе өсті.

"Бұл компанияны халықаралық "соғыс демеушілері" тізіміне енгіздік, өйткені Ресей бюджетіне түскен жүздеген миллион салық түсімдері Украинаға қарсы соғысты қаржыландыруға көмектеседі және осылайша ресейлік жалдамалыларды жанама түрде қаржыландыруы мүмкін. Компания адам құқықтарының құндылықтарына сәйкес келуі керек. Unilever қазір Ресейден кетуі керек немесе тарих оның осы соғысқа қатысқанын еш ұмытпайды", – деді сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жөніндегі ұлттық агенттік басшысы Александр Новиков.

Unilever шығаратын тауарлардың көпшілігі, соның ішінде ресейлік өндірістер де Қазақстанда кеңінен ұсынылған.

Талқылау