Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Дәрі салмады, бірден алып кетпеді": Ақтаулық ер адам 6 жасар қызының өліміне жедел жәрдемді кінәлайды

Ақтау тұрғыны 6 жасар қызының өліміне жедел жәрдемнің кешіккенін кінәлайды. Ислам Шыңғысов екі рет жедел жәрдем шақырған, бірақ балаға қажетті көмек көрсетілмегенін айтады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Lada.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

15 желтоқсанда қыздың қызуы көтерілген кезде ата-анасы жедел жәрдем шақырғанымен, дәрігерлер баланы ауруханаға жатқызудан бас тартып, бәрі жақсы деп кетіп қалған. Қыздың жағдайы нашарлап, баланың әкесі қайтадан жедел жәрдем шақырған. Дәрігерлер ауруханаға жатқызу мәселесін талқылап жатқанда, қыз көз жұмды.

Баланың әкесі президентке істі бақылауға алуды және Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесін реформалау шараларын қолдануды сұрап жүгінеді.

"Түнгі сағат екіде ортаншы қызымның қызуы көтерілді. Әдеттегідей, ибупрофен дәрісін бердік. Осыдан кейін бала ұйықтап қалды, кешкі сағат 7 шамасында оянып, су ішті, өзін жақсы сезінген сияқты. Бірақ қызуы қайтадан 38-39 градусқа дейін көтерілді. Сағат 10 шамасында қызуы түспегендіктен, жедел жәрдем шақыруға тура келді. Оларда балаларға дәрі егуге тыйым салынған көрінеді. Қызыма укол да, дәрі де салған жоқ. Жедел жәрдем қызметкерлері баланы жай ғана сүртіп, ыстығын түсіретін дәрі беруге кеңес беріп, кетіп қалды”, – деді ер адам.

Олар кеткеннен кейін қызының денесі біресе қызарып, біресе көгеріпті. Сол үшін қайтадан жедел жәрдем шақырған.

“Екі жігіттен тұратын бригада қызымның жағдайын көріп, оны ауруханаға апаруды ұйғарып, оны киіндіріп жатқанда 16 желтоқсан түнгі сағат 12-де оның құрысып, көз алдымызда көзі жұмылып кетті. Жедел жәрдем қызметкерлерінде апаттық құрал, ауа беретін құрал жоқ, ештеңе білмейді. Оларқоңырау шалып, әріптестерімен сөйлесіп, не істеу керегін сұрады, содан кейін көмекке екінші топты шақырды. Олар көлік жүргізіп жатқанда, мен қызымнан айырылдым", – деді әкесі.

Ер адам қайғылы оқиғасы жедел жәрдем қызметінің жұмысын, оның құрал-жабдықтарын, жалпы алғанда, медициналық қызметкерлердің біліктілігін тексеруге негіз болады деп үміттенеді. 

"Маған өлімнің себебін анықтайтын сараптама бір айдан кейін ғана дайын болады деді. Мен мәйітхана өз әріптестерін жасыру үшін басқаша қорытынды жазып, оны жазатайым оқиғаға жатқызу мүмкіндігін жоққа шығармаймын. Бұған жол бермейсіздер деп үміттенемін. Мен бұл істің жай жабылғанын қаламаймын, біз денсаулық сақтау министрлігінің жұмысын реттеп, түзетуіміз керек. Өйткені жедел жәрдем қызметінде тәжірибесі жоқ жігіттер, интерндер жұмыс істейді. Неге дәрі екпейді? Қасым-Жомарт Кемелұлы, осы мәселені өз бақылауыңызға алуыңызды сұраймын", – деді Ислам Шыңғысов.

Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасы болған қайғылы оқиғаға байланысты ата-анасына, туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтты.

"Қазір оқиғаға қатысты әкімшілік пен Маңғыстау облыстық жедел және шұғыл медициналық жәрдем станциясы тарапынан қызметтік тексеріс жүргізіліп жатыр. Толық ақпарат пен қорытындыны медициналық сараптама қорытындысы шыққаннан кейін жасауға болады", – деп хабарлады денсаулық сақтау басқармасынан. 

@egovpress Шокирующая история. Шынгысов Ислам из города Актау недавно потерял малолетнего ребёнка. Когда у девочки поднялась температура, родители вызвали скорую помощь, но медики почему-то отказались госпитализировать ребёнка и уехали. Когда состояние здоровья девочки ухудшилось, отец ребёнка снова вызвал скорую помощь. На вызов приехала та же бригада. Когда медики решали вопрос госпитализации, ребёнок ушёл из жизни. Отец девочки обращается к президенту РК с просьбой взять дело на контроль и принять меры по реформированию системы здравоохранения в Казахстане. Тем временем, Минздрав РК стабильно собирает деньги у народа на обязательное медстрахование. Қазақстандағы медицинаның деңгейі төменге түсіп кетті. #актау #беспредел #скораяпомощь ♬ оригинальный звук - EGOV.PRESS
Талқылау