Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ҰҚК экс-басшысының ағасы қамауға алынды

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшысы Нартай Дүтбаевтың ағасы Рүстембек Дүтбаев қамауға алынды.

Соттың баспасөз қызметінің мәліметінше, Дүтбаев Рүстембек Нартайұлы 27 қарашаға дейін екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды Sputnik. 

Ертесі күні Нартай Дүтбаевты 29 қарашаға дейін қамауда ұстау туралы сот шешімі шықты.

Сотта Рүстембек пен Нартай Дүтбаевтардың қандай қылмысқа күдіктеліп отырғаны айтылған жоқ.

Айта кетейік, қыркүйек айында сот шешіміне сәйкес, Дүтбаев мемлекеттік құпия мәліметтеді жариялағаны үшін кінәлі деп танылды. Сондай-ақ ауазымдық міндетін асыра пайдаланғаны үшін оған 7 жыл 6 ай бас бостандығынан айырылу жазасы тағайындалды. Ол мемлекеттік қызмет атқару құқығынан өмір бойына шеттетілді. Сонымен қатар «генерал-лейтенант» шені мен мемлекеттік марапаттарынан айырылды.

Тағы да оқыңыз:

Мұхамедиұлы: Елбасы латын әліпбиінің жаңа жобасы ыңғайлы екенін айтты

Алматы соты Матаевты түрмеден босатудан бас тартты

Ұлттық валюта долларға шаққанда бірден 4 теңгеге қымбаттады

Талқылау