Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ҰҚК арнайы операция кезінде ұйымдасқан қылмыстық топтың жолын кесті

Ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері интернет арқылы есірткі сатқан, – деп хабарлайды Stan.kz.

Арнайы операция кезінде интернет арқылы есірткі мен психотроптық заттар сатқан екі қылмыстық топтың жолы кесілді.

«2017 жылғы 26-27 қыркүйекте Ұлттық қауіпсіздік комитетінің киберқауіпсіздік, есірткі құралдарының заңсыз айналымымен күрес және арнайы жасақ бөлімшелерінің бірлескен күшімен Астана және Алматы қалаларында кибер бөлімшелердің қатысуымен «Dark net, Deep web» ғаламтор-желілерінің көлеңкелі сегментінің мүмкіндіктерін қолдана отырып, есірткі құралдары мен психотроптық, синтетикалық заттарды таратумен айналысқан  2 ұйымдасқан қылмыстық топтың іс-әрекетінің жолын кесуге бағытталған кең ауқымды арнайы операция өткізілді», — деп жазылған комитет таратқан хабарламада.

Белгілі болғандай, «QIWI-кошелектерге» ақша аударылған соң сайт әкімшілері есірткі сатып алушыларға тыйым салынған заттардың жасырын орындарын хабарлап отырған.

Бұдан бөлек, жедел-іздестіру шаралары барысында бұған дейін ұсталған қылмыстық топ мүшелері — оңтүстік астананың екі тұрғынының қылмыстық байланыстары анықталды. Бұл екеуі де Алматы және Ақтөбе қалаларында осыған ұқсас жолмен есірткі мен психотроптық заттар сатқан. 2017 жылғы 3 қарашада Ұлттық қауіпсіздік комитеті оларды Алматы қаласында ұстады. Барлығы арнайы операция кезінде 12 есірткі сатушының қылмыстық іс-әрекетінің жолы кесілді.

Сонымен бірге, сайттарды есірткі алу үшін пайдаланған адамдарды анықтау бойынша тиісті жедел-тергеу шаралары жалғасуда.

Жіберіп алмаңыз:

Ақмола облысында 200-ге жуық үй жарықсыз қалғалы тұр

Павлодарда төбелескендерді ажыратпақ болған жігіт пышақ жарақатынан ажал құшты

Көкшетауда көлік жүргізушісі телефонға қараймын деп адам қағып өлтірді

Иран қазақтарының той рәсімі қалай өтеді (видео)

Талқылау