Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Үкіметте көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жоспары бекітілді

Министрлер кабинеті көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимылдың 2023-2025 жылдарға арналған жоспарын бекітті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Жоспар салықтық және кедендік әкімшілендіруді жетілдіруге, тиімді бәсекелестік пен бюджетті бөлуге, халықты заңсыз бизнестен қорғауға және т.б. шараларды іске асыруды көздейді. Кедендік тексерулердің тиімділігін арттыруға, кедендік рәсімдерді оңтайландыруға және әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша қосымша шаралар әзірлеуге мүмкіндік береді.

"2025 жылға қарай көтерме және бөлшек саудадағы көлеңкелі айналымды 5%-ға дейін төмендету жоспарлануда. 2022 жылы бұл көрсеткіш 6,7% болды. Көлік және қоймалау саласында 2,4% (2022 жылы – 3,2%) көрсеткішке қол жеткізу жоспарлануда", – деді Үкіметтің баспасөз қызметі.

Сонымен қатар бейресми жұмыспен қамтуды азайту және заңсыз әрекеттерді тоқтату жоспарлануда. Шағын және орта бизнестің елдің ЖІӨ-не қатысуын 2025 жылға қарай 37,5%-ға дейін ұлғайту жоспарланған.

Жоспарға премьер-министр Әлихан Смайылов қол қойды.

Талқылау