Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Үкіметте қазақстандық сериалдарды қай елдер сатып алатыны айтылды

Top Pro Cinema продюсерлік орталығының директоры Александр Аксютиц үкімет отырысында қазақстандық сериалдар тек біздің көрермендер арасында емес, өзге елдерде де сұраныс жоғары екенін мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: pixabay.com

Оның сөзінше, Қазақстанда сериал өндірісі қарқынды дамып келеді. 

"Бұған қазақстандық әрі шетелдік стримингтік алаңдарда нығая түсу де себеп болып отыр. Жыл сайын бізде ондаған емес, жүздеген сериал түсіріледі. Олар телеарналарда жоғары рейтинг жинап, интернет алаңында миллиондаған қаралымға жетеді. Айта кетері, тек қазақстандық емес, шетелдік көрермендерді тамсандырып отыр. Бұған отандық креативті индустрия өкілдеріне шетелдік цифрлық сервистер мен медиахолдингтердің ерекше назар аударып отырғаны дәлел бола алады. Қазақстандық контенті Ресей, Қырғызстан, Ирландия, Германия, Әзірбайжан, Түркия, Үндістан, Оңтүстік Корея, Ұлыбритания мен Өзбекстан сатып алады", – деді ол.

Соңғы екі жылда “Хабар” мен Qazaqstan телеарналары шетелге 30-дан аса сериалын сатқан. Ал халықаралық нарықтағы дистрибуциясымен германиялық ZDF медиамагнаты шұғылданады. 

Аксютицтің сөзінше, 2024 жылы ең көп табыс тапқан 20 үздік фильмнің 70%-ы отандық өндіріс екен. Бірнеше жыл бұрын еліміздегі кинотеатрлардың негізгі табысын шетелдік фильмдер қамтамасыз ететін дейді. 

Талқылау