Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жұманғарин дүкендердегі қымбатшылық туралы: Сенуге болатын жалғыз мемлекеттік орган – Ұлттық статистика қызметі

Вице-премьер Серік Жұманғарин қазақстандықтардың ұн бағасының өсуіне қатысты шағымына жауап берді. Ол журналистерге өнімнің орташа құны өзгермегенін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: fool.com

"Үй жанындағы дүкендердегі бағаның көтерілуіне келетін болсақ, орташа жағдайдағы адам аптасына төрт рет сауда жасайды. Үй маңындағы дүкендерде сатылатын өнімдердің бағасы қымбатырақ болады. Ол жерге тұрғындар шұғыл қажеттіліктері – бір бөлке нан мен бір қорап айран алуға барады. Ал қалыпты адам – демалыс күндері базарда немесе ірі супермаркеттерде сауда жасайды", - деді үкімет басшысының орынбасары.

Ол дүкендердегі бағалар "статистикалық зерттеу нысаны" бола алмайтынын жеткізді.

"Мұны толықтай зерттеуіміз керек. Сенуге болатын жалғыз мемлекеттік орган ұлттық статистика бюросының мәліметтерін қарауымыз керек", - деді Жұманғарин.

Вице-премьер мемлекет ең маңызды 100 тауар бойынша тауарлық бағаның сақталуын қадағалайтынын айтты. Ол тауарлардың бағасы 15%-дан жоғары болмауы керек.

"Бізің қоғам өте үлкен. Онда әртүрлі қабаттар бар. Біреу үнемі шағымданады, кім екенін нақты айтыңызшы?", -  деді вице-премьер ұн бағасына қатысты шағымдар әлі де орынды ма деген сұраққа.

Сондай-ақ үкімет басшысының орынбасары бір келі ұнның бағасы қанша екенін айта алмады.

Талқылау