Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Үкімет басшысы жылу желілерін техникалық тексеруді 1 маусымға дейін аяқтауды тапсырды

Премьер-Министр Әлихан Смайылов бірнеше министрлік мен өңір әкімдеріне жылыту маусымына қатысты техникалық тексеруді тапсырды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.  

Смайылов

“Өңір әкімдіктері Энергетика, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрліктерімен бірлесіп, барлық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, тұрғын үй және әлеуметтік сала нысандарының алдағы 2023-2024 жылдардағы жылыту маусымына дайындығы бойынша іс-шаралар жоспарын бекітіп, оны тез арада іске асыруға кірісуі қажет”, – деді Әлихан Смайылов. 

Үкімет басшысы Индустрия министрлігі Энергетика министрлігімен және өңір әкімдерімен бірлесіп, 1 маусымға дейін қолданыстағы жылу желілерінің жағдайына техникалық тексеру жұмыстарын аяқтауы керек екенін айтты. 

“Осы жұмыстардың қорытындысы бойынша апатты жағдайдағы жеке меншіктегі жылу желілерін коммуналдық меншікке берудің қажеттілігін анықтау керек. Нәтижесін менің жеке өзіме баяндаңыздар”, – деді премьер-министр.

Талқылау