Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Үкімет басшысы министрлер мен әкімдерге тапсырма берді

Үкімет басшысы Асқар Мамин министрлер мен әкімдерге тапсырма берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Мамин

Үкімет отырысы барысында Мамин шенеуніктердің басты міндетіне тоқталды. Ол қазір эпидемиологиялық жағдай жақсарған облыстар мен қалаларды тілге тиек ете отырып, басқа аймақ басшыларына жағдайды қатаң қадағалауды тапсырды. 

"Баяндамалардан байқанымыздай, эпидемиологиялық жағдай біршама тұрақтану деңгейіне шыққаны байқалады. Республика бойынша коронавирус жұқтырғандар өсімі тәулігіне 2,1 пайызды құрайды, кейбір өңірде одан да аз. Мысалы, Шымкентте 1 пайыз, Қызылорда облысында - 0,9 пайыз, Түркістан облысында - 0,8 пайыз, Ақтөбе облысында - 0,5 пайыз. Қазіргі басты міндет - барлық өңірдегі ауру жұқтыру деңгейін орнықты төмендету", - деді ол.

Сонымен қатар, үкімет басшысы нақты шараларды атады. 

"Бірінші, Денсаулық сақтау, Индустрия министрлігі және әкімдіктер өңірлердегі ауруханаларды өкпені жасанды тыныс алдыру аппараттарымен қажеттіліктерге сәйкес қамтамасыз ету;

Екінші, Денсаулық сақтау министрлігі әкімдіктермен және Ауыл шаруашылығы министрлігімен шілденің соңына дейін өңірлерде ветеринарлық зертханалар базасында коронавирусты анықтайтын тестілеу жұмыстарын ұйымдастырсын және кадрлармен жасақтасын. Әкімдіктерге анализдерді өңірлердің зертханаларына жеткізудің тиімді логистикасын пысықтауды тапсырамын;

Үшінші, Индустрия, Денсаулық сақтау және Қаржы министрлігі шұғыл түрде өңірлерде көшпелі диагностика кешендерімен, аудандық ауруханаларды цифрлық рентген аппараттарымен қамтамасыз етсін;

Төртінші, Денсаулық сақтау министрлігі әкімдіктермен бірге екі аптаның ішінде оттегі концентраторлар және медициналық газдарды өңірлерге толық көлемде жеткізуді қамтамасыз етсін;

Бесінші, "СҚ Фармация" осы жылдың шілде айының соңына дейін дәрі-дәрмек сатып алып, қосымша бір айға жететін көлемде өңірлерге бөлсін және дәрі-дәрмек жоспарлаудың нақты жүйесін анықтасын; Алматы, Нұр-Сұлтан қаласы және Ақтөбе облысының үлгісімен барлық өңірде тұрақтандыру қорларында дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың қажетті запасы қалыптастырылсын;

Ералы Лұқпанұлы жалпы бақылау өзіңізде", - деді Үкімет басшысы.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін денсаулық сақтау министрі Алексей Цой елдегі коронавирус жағдайы жақсарып келе жатқанын айтқан болатын. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр