Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Жаңа толқынға дайындалуымыз керек": Үкімет басшысы коронавирус өршіп тұрған облыстарды атады

Премьер-министр Асқар Мамин коронавирус өршіп тұрған облыстарды атады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Асқар Мамин азық-түліктің қымбаттауына байланысты әкімдерге шүйлікті

Үкімет отырысында Мамин инфекцияның тәуліктік өсімі азайып келе жатқанын айтты. Сонымен қатар, жазылғандардың да саны артқанын жеткізді ол. 

"Коронавирус инфекциясы тіркелген жағдайлардың тәуліктік өсімі 1,2 пайыздан аспайды. Қазіргі таңда ауру жұқтырғандың 69,4 пайызы жазылды. Қалған науқастар қажет медициналық көмек алып жатыр. Ауруханалардың жүктемесі 36 пайызға дейін төмендеді", - деді ол үкімет отырысында. 

Мамин министрліктің мәліметіне сүйене отырып, коронавирустың таралуы бойынша алдыға шыққан өңірлерді атап, эпидемияға қарсы шараларды күшейту керегін айтты. 

"Бұл - Атырау, Ақтөбе, Маңғыстау, Қызылорда, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Түркістан, Павлодар облыстары және Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары. Сонымен қатар, инфекцияның репродуктив деңгейі бірден жоғары облыстар бар. Бұл - Қостанай, Ақмола облыстары. Мұнда жағдай күрделі. Осындағы әкімдер эпидемияға қарсы шараларды күшейтуге баса назар аудару керек", - деді Асқар Мамин.

Үкімет басшысы жаңа толқынға дайындалу қажет екенін айтты. 

"Біз күзде болатын жаңа толқынға дайын болуымыз керек - оның алдын алу үшін біз барлық белгіленген талаптарды сақтап, жоспарланған іс-шаралар кешенін орындауымыз керек. Ауруханалар салу және оларды механикалық желдету, оттегі концентраторлары, дәрі-дәрмектер және қорғаныс құралдары", - деді Мамин.

Талқылау