"Ухань, мықты бол!": Қытай тұрғындары коронавирус кезінде бір-бірін қалай қолдап жатыр
Қытайда коронавирустың өршуіне байланысты Уханьдағы миллиондаған адамдар оқшауланды - аурудың таралуына байланысты қалаға көлік байланыстары жабылды. Соған қарамастан, адамдар бір-бірін қолдауға тырысады.
Өлімге әкелетін вирустың өршуі Қытай өзінің күнтізбесіндегі маңызды күндердің бірі - Ай Жаңа жылын атап өткен кезде басталды, деп жазады BBC орыс қызметі.
Қытай үшін бұл мереке жаңа жыл сияқты маңызды. Елде мереке екі аптаға созылады. Көптеген адамдар үшін бұл мереке отбасыларымен кездесіп, сыйлықтар алмасудың жалғыз мүмкіндігі. Уханьда адамдарға вирустың таралуын барынша азайту үшін үйде болуға кеңес берілді. Бірақ көпқабатты үйлердің бірінің тұрғындары бір-бірін қолдаудың жолын тапты.
Әлеуметтік желілерде таратылған видеода адамдардың терезелерінен «Ухань Цзюю» деп айқайлағаны көрінеді, ол «Ухань, бекем бол!» деп аударылады. немесе «Тоқтама, Ухан!» дегенді білдіреді.
Адамдар бұл ұранды әлеуметтік желілерде қолданады. Мәселен, Вейбода «Ухань, бекем бол!» сөзі сәнге айналды.
Бұл сөздерді елдің түкпір-түкпіріндегі көптеген адамдар аурудың ошағы болған және қайтыс болғандардың көбі тұратын Уханьмен біріге жариялады.
«Біз мұны шеше аламыз. Ухань, бүкіл ел сіздерді қолдайды», - деп жазды Weibo қолданушысы.
Коронавирустың, негізінен Уханьда таралуы салдарынан 100-ден астам адам қайтыс болды. Қытайдың бірнеше аймағында және әлемнің басқа елдерінде мұндай жағдайлар бар.
Қытайдың көптеген әлеуметтік желілерін қолданушылар өздері үшін қорқатындықтарын және биліктің әрекеттеріне ашуланғандықтарын жазғанымен, мемлекеттік ақпарат құралдары Ухань тұрғындарының игі істері туралы хабарлайды. Уханьдағы жаңа мейрамхананың қожайыны Жаңа жылдық мерекені қаланың медицина қызметкерлеріне тамақ жинау арқылы атап өтті, деп хабарлайды Changjiang Daily мемлекеттік басылымы.
Ли Бо өзінің мейрамханасын бір ай бұрын ашқан. Бұл бизнесті бастау үшін ол көлігін сатып, несие алды.
Бірақ вирус оның жоспарларына кедергі келтірді: 36 жастағы ресторатор Уханьда індет болғандықтан, өз мейрамханасының жұмысына уақыт таппады. Қазір оның мейрамханасы бос - қала көшелері сияқты қаңырап тұр.
«Мен үйде отырып, қарызды қалай төлеу туралы ойладым. Әрекет етудің уақыты келді. Мен қаншалықты маңызды болса да, өз үлесімді қосқым келді», - деді ол Changjiang Daily-ге берген сұхбатында.
Пекин жаңалықтар веб-сайтының хабарлауынша, Уханьдағы кейбір ауруханаларда тамақ жетіспейді. Бұған дейін екі тұрғын Би-Би-Сиге адамдар тамақ жинауға тырысқанын айтқан. Ли Бо және оның аспазшысы тамақ сатып алып дайындады, нәтижесінде олар 200 қораптан түскі ас дайындады. 26 қаңтарда ол көбірек контейнерлер табуға тырысып жатқандығын айтты, тамақты Ухандағы Сихе ауруханасында медициналық қызметкерлерге жеткізетінін айтты.
«Мен дәрігерлердің ыстық тамақпен қамтамасыз етілуі үшін қолдан келгеннің бәрін жасағым келді. Олар қажетті тағаммен қамтамасыз етіледі және бұл олардың иммунитетін арттырады деп үміттенемін», - деді ол сұбатында. Мүмкіндігі болған кезде ауруханаларға тамақ дайындағысы келетінін айтты. .
«Біз өте жақсы көретін бұл қала жақында жақсарады деп үміттенемін», - деп қосты ол.
Коронавирус жұқтырудан қорқатындықтан, бүкіл ел бойынша мыңдаған адамдар медициналық маскалар сатып алады. Кейбір жерлерде олар таусылып жатыр.
Маскалар соншалықты құнды тауарға айналды. Хубэйдің қасында орналасқан Чандэ округінің тұрғындарының бірі шамамен 15 мың қорғаныс маскасын беруге шешім қабылдады, деп жазады Xiaoxiang Morning Herald газеті.
Хао Цзинь былтыр маска шығаратын зауытта жұмыс істеді. Нәтижесінде ол жұмыстан кетті, бірақ компания жалақы бойынша қарызын қайтара алмады. Оның орнына өтемақы ретінде оған 20 мың юань (шамамен 2,9 мың АҚШ доллары) тұратын 15 мың маска берілді.
Маска жетіспейтіндігі туралы жаңалықты көргенде ол өзіндегі маскаларды таратуды жөн көрді.
«Мен маскаларды мұқтаждарға таратамын деп ойладым. Бұл басқаларға көп көмектеседі деп үміттенемін» деді ол.
Ол өз отбасына бірнеше бетперде қалдырды және алдымен маскаларын өз ауылында тұратындарға таратып берді, содан кейін қалғанын өз ауданының тұрғындарына таратты.
28 қаңтарда Қытайда коронавирустың жаңа түрінің таралуы нәтижесінде науқастардың жалпы саны 4515 адамға жетті. Оның ішінде 106 адам қайтыс болды. Құрлықтан тыс жерлерде Гонконг, Тайвань, Таиланд, Жапония, Оңтүстік Корея, АҚШ, Канада, Сингапур, Франция, Австралия, Германия және басқа елдерде инфекциялар тіркелді.

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
