Уганда тұрғыны ақшасын үнемдеу үшін бір күнде үш әйелге үйленді (фото)
Уганданың 50 жастағы тұрғыны Мұхаммед Ссеманда бірге тұрып жатқан 48 жастағы Салмат Налувудже және апалы-сіңілі 27 жастағы Джами Накайз бен 24 жастағы Мастул Накайзға бір күнде үйленді. Ол Уганданың рекордтар кітабына мұндай әрекетке барған екінші адам ретінде тіркелді, деп хабарлайды Daily Mail басылымына сілтеп Stan.kz.
Жергілікті имам Мұхаммед Ссеманда мен оның үш әйелінің некесін қиып, мұндай қадам ислам заңына қарсы келмейтінін айтты. Сондай-ақ имам отбасын құрып жатқан ерлі-зайыптыларға ислам заңын ұстануға кеңес берді. Мұндай үйлену тойға оқиғаның растығына көз жеткізу үшін, қала тұрғындарының бәрі келді.
«Мен үшеуімізге бір күнде үйленгені үшін, Ссемандаға алғыс айтамын. Бұл оның бізді кемсітпейтінінің белгісі», – дейді бірінші әйелі Салмат Налувудже.
Мұхаммед Ссеманда мойнына қандай жауапкершілік алғанын жақсы түсінеді. Ол әр әйелін жеке үймен қамтамасыз еткен. Ер адамның айтуынша, әйелдері оны бір-бірінен қызғанбайды. Ал бірінші әйелі қызғаныш туралы ойламайды да, себебі ол Мұхаммедтің 5 баласын тәрбиелеп отыр.
«Оларға барлық жағдайды жасау үшін, көп еңбектенуім керек», – дейді Ссеманда.
Оқи отырыңыз:
Ресейде оқушы қыз сабақ үстінде мұғаліміне сезімін білдіріп, ұсыныс жасады (видео)
Ұлыбританияда көпшілік алдында жыныстық қатынасқа түсіп, мүгедекпен төбелескен әйел 13 айға сотталды
Аяз атаның бас киімін киіп, дорба арқалаған Барак Обама балаларды құттықтады (видео)
Таиландта банк қызметкері 13 мың жылға бас бостандығынан айырылды