Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Уганда билігі жергілікті тұрғындардың смартфонынан порно іздейтін құрылғы сатып алды

Уганда билігі жергілікті тұрғындардың смартфоны мен компьютерлерінен порнография іздейтін арнайы құрылғыны сатып алды.

Безымянный

Фото: shakhty.su

Бұл туралы lenta.ru хабарлайды.

Уганданың әдеп министрі Саймон Локодо құрылғы арқылы гаджеттен порнографиялық мәндегі сурет пен видеоны іздей алатынын айтты. Порно іздейтін аппарат Оңтүстік Кореядан алынған. Бұл үшін билік 88 мың доллар шығындапты. Осы арқылы ел билігі елдегі порноға тәуелділікті азайтып, тұрғындардың бейәдеп бейнематериалдарды қарамауларын қатаң қадағаламақ.

Бұл сатып алуды әлеуметтік желіде көптеген адамдар сынға алған. Олар мұнша ақшаны әлеуметтік салаға жұмсау керек еді деген пікір айтқан.

Угандада порнографиялық өнім жасау немесе оны тарату қылмыс болып саналады. Ереже бұзушылар 10 жылға дейін бас бостандығынан ажырауы мүмкін.

Талқылау