UFC Шавкат Рахмоновтың жаңа қарсыласын таңдады
Қазақстандық Шавкат Рахмонов (16-0) пен америкалық Стивен Томпсон (16-6-1) арасындағы жекпе-жек әлі талқылану үстінде, деп жазады Vesti.kz сайты mmanews.com сілтеме жасап. Бұл жөнінде Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Журналист Ариэль Хельвани MMA Hour бағдарламасының жақында шыққан санында UFC-дегі жекпе-жектер туралы айтты. Алайда Хельвани промоушен Томпсонмен немесе Рахмоновпен жекпе-жекке шығу туралы ресми ұсыныс түскен-түспегенін нақтыламады.
Жекпе-жектің нақты кестесі әлі анықталған жоқ, бірақ ол 2022 жылдың соңына жоспарланған болуы мүмкін.
Томпсон былтырғы жылдың желтоқсанында Белал Мұхаммедтен жеңілгеннен кейін келесі жекпе-жекті кіммен өткізуді іздеп жатыр. Ол өткен жылы Гилберт Бернс пен Мұхаммедтен жеңілгеннен кейін 2022 жылы әлі бірде-бір жекпе-жек өткізген жоқ.
Еске салайық, Лас-Вегаста (Невада, АҚШ) өткен UFC Vegas 57 турнирінде Рахмонов екінші раундта америкалық Нил Магниді тұншықтыру әдісімен жеңген. Осыдан кейін қазақстандық Томпсонды жекпе-жекке шақырды.