UFC-ге жолдама беретін турнирде жұдырықтасқан этникалық екі қазақ жеңіске жетті
Қытайда туған қазақ спортшылар әлемге әйгілі UFC тұжырымына келісім-шарт беретін іріктеу турнирде жеңіске жетіп, жартылай финалға шықты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Этникалық қазақтар Дәрмен Заупанұлы мен Балғын Жеңісұлы UFC тұжырымына жолдама беретін Road to UFC турнирінде алғашқы жекпе-жектерін өткізіп, жеңіске жетті. 61 келіде жұдырықтасатын Дәрмен (9-1) жапониялық Одзаки Ренді (6-0-2) ұтса, Балғын (16-5) үндістандық Кантарадж Агасадан (12-3) айласын асырды. Енді Дәрмен жартылай финалда Naiza лигасының чемпионы болған корейлік Су Енгке қарсы шықса, Балғын жапониялық Наканишиге қарсы жұдырықтасады. Егерде екеуі де жеңіске жетсе, Дәрмен мен Балғын финалда жолығуы мүмкін.
Айта кетейік, Road to UFC турнирінің жеңімпазы атанған спортшы UFC тұжырымымен келісім-шартқа отыру мүмкіндігіне ие болады.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”