Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

UFC-дегі қазақстандық спортшы қыз үшінші жеңілісіне ұшырады

UFC-дегі жалғыз қазақстандық қыз Мария Агапова кезекті жекпе-жегінде жеңіліске ұшырады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: UFC

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Мария Агапова Денвер қаласында өткен UFC on ESPN 59 турнирінде жұдырықтасып, жеңіліске ұшырады. Екі жылға жуық үзілістен кейін шаршы алаңға қайта шыққан отандасымыз бразилиялық Луана Сантостан (8-1) бірінші раундта қылқындыру әдісімен жеңіліп қалды. Сөйтіп Агапова UFC тұжырымындағы үшінші жеңілісіне ұшырады.


"Мені сексуалды құлдыққа сатқысы келеді": UFC-дегі қазақстандық спортшы қыз көмек сұрады


Айта кетейік, Мария Агапова кейінгі рет шаршы алаңға 2022 жылы шығып, жеңіліске ұшыраған еді. Бұл отандасымыздың UFC тұжырымымен келісімшартындағы соңғы жекпе-жегі болған.  

Даурен Түлкібай
Дүйсенбі, 15 Шілде, 2024 09:41
Талқылау