Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

UFC-дегі қазақстандық спортшы қыз АҚШ-та қаңғыбас атанып, көгершіндерді жеу туралы жоспарымен бөлісті

Қазақстандық спортшы қыз Мария Агапова UFC-пен келісім-шартқа қол қойғанға дейінгі АҚШ-тағы қиын өмір туралы айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Мария Агапова

"Менде үйге оралуға және арманмен қоштасуға дайын болатындай сәт ешқашан болған емес. Көшеде қалып, кез келген жерде тұруға дайын болған кездерім болды. Тіпті, онда қаңғыбас секілді өмір сүру туралы жоспарым болған. Заттарымды сақтау камерасына тапсырып, шатырды сатып алып, сонда өмір сүргім келді. Залда жаттығуға, жуынуға және телефонды зарядтауға болатын еді, ал түнгі уақытта проблемалар болды", - деді Мария Агапова.

Спортшы UFC-мен байланыс және демеушілер пайда болған сәтке дейін,  көшеде өмір сүру үшін толық жоспар әзірлегенін атап өтті.

"Көгершіндерді өлтіруге және оларды отта қуыруға дайын болдым, бірақ тіпті ойымда да үйге қайту болмады. Тамаққа ақша жетпеген кезде маған клубтағы достарым мен менеджерлер көмектесті. Олар - осы қиын уақытта менімен болған жалғыз адамдар. Мен ATT-ға (American Top Team командасы) кетіп қалдым, себебі бұрынғы клубтастарым оларға қарыз бойынша пайыз төлей алмағаным үшін мені тастап кетті, жалғыз тастады. Бірақ ATT менеджерлері және команда мүшелері мені қолдай бастады", - деді күрескер қыз.

Ол, сонымен қатар, АҚШ-та спорттық және өмірлік жағынан қандай тәжірибе алғанын айтты.

"Жауап беру қиын. Мүмкін, бұрынғыдан да қатты, қатал болдым,  тағы, бұл әлемді бұрынғыдан да артық жек көремін. Бұдан басқа меенде ештеңе өзгерген жоқ", - Мария Агапова.

Айта кетейік, Агапованың есебінде кәсіби MMA-да 9 жекпе-жек (+8, -1) бар, ал UFC-те өзінің дебюттік жекпе-жегін 13 маусымда Лас-Вегаста Бразилия спортшысы Мелисса Гаттоға қарсы өткізеді.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр