Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

UFC-де үшінші жеңісіне жеткен Асу Алмабаев тұжырымның жаңартылған рейтингінде үздіктер қатарына кірмеді

UFC тұжырымындағы үшінші жекпе-жегінде жеңіске жеткен Асу Алмабаев ұйымның жаңартылған рейтингінде үздік спортшылардың қатарына кірмеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Getty Images

UFC Vegas 93 турнирінде америкалық Хосе Джонсонды (16-8) ұтқан Асу Алмабаев тұжырымның жаңартылған рейтингінде үздік 15 спортшының қатарына кіре алмады. Алмабаев үш жекпе-жек қатарынан жеңіске жетсе де, рейтингінге кіра алмауының басты себебі – кездесулерінің басым бөлігі төрешілердің шешімімен аяқталғаны. Ал UFC Vegas 93 турнирінің басты жекпе-жегінде жеңіске жеткен жапониялық Татсуро Тайра бірден 8-орынға көтеріліп, рейтингте 5-орынға жайғасқан. 

Айта кетейік, Асу Алмабаев шаршы алаңда 22 жекпе-жек өткізіп, соның жиырмасында жеңіске жеткен. Ол кейінгі рет 2017 жылы ұтылған. Қазір қатарынан он алты жекпе-жекте жеңіске жетіп отыр.     

Талқылау