UFC 319 турнирінің басты жекпе-жегі Дю Плесси – Чимаев: Негізгі кард жарияланды
Фото: UFC
UFC ұйымы 2025 жылдың 16 тамызында АҚШ-тың Чикаго қаласында өтетін UFC 319 турнирінің толық мейн-кардының тізімін ресми түрде жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Кештің басты оқиғасы – орта салмақтағы чемпиондық белбеу үшін өтетін Дрикус Дю Плесси мен жеңіліп көрмеген үміткер Хамзат Чимаев арасындағы жекпе-жек болмақ.
Бұл Чимаев үшін UFC-дегі алғашқы титулдық кездесу болады. Оңтүстік Африка өкілі Дю Плесси (23-2) бұған дейін Шон Стриклэндті жеңіп, чемпион атанған еді. Бұл жолы ол чемпиондық белбеуін алғаш рет қорғайды. Ал Чимаев (14-0) біраз үзілістен кейін октагонға оралып, чемпионға қарсы өнер көрсетеді.
Егер жекпе-жекке бір спортшы шыға алмай қалған жағдайда қосалқы қатысушы ретінде бразилиялық Као Борралхо тағайындалды. Бұған дейін бұл рөлге француз Нассурдин Имавов қарастырылған болатын, алайда кейін ол өзгертілді.
Турнирдің негізгі кардында келесі жекпе-жектер жоспарланған:
-
Джаред Каннонир – Майкл Пейдж
-
Тим Эллиотт – Кай Асаура
-
Карин Силва – Джей-Джей Олдридж
-
Джессика Андраде – Лупита Годинес
-
Джефф Нил – Карлос Пратес
-
Эдсон Барбоза – Драккар Клоуз
-
Кинг Грин – Диего Феррейра
-
Нұрсұлтан Рузибоев – Брайан Баттл
-
Александр Эрнандес – Чейз Хупер
Айта кетейік, UFC 319 – жаздың ең күтілетін турнирлерінің бірі және 2019 жылдан бері Чикагода өтетін алғашқы ауқымды жарыс болмақ.

Қостанайда Ресей флотының мерекесі тойланды: Әкімдік шарадан хабарсыз болған
