УЕФА Конференция лигасының ширек финалдық ойындары аяқталды
Футболдан УЕФА Конференция лигасының ширек финалдық ойындары аяқталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Аылшындық “Челси” клубы Конференция лигасында 11 ойыннан кейін жеңіліс тапты. Жауапты кездесуде өз алаңында Польшаның “Легия” клубынан 2:1есебімен ұтылды. Бірақ соған қарамастан жартылай финалға шықты. Себебі, Варшавада өткен ойында лондондықтар 3:0 есебімен жеңген еді.
Италияның “Фиорентина” клубы да жартылай финалға жолдама алды. Олар ширек финалда Словенияның “Целе” клубынан басым түсті. Алғашқы ойын 2:1, екінші матч 2:2.
Испанияның “Бетисі” ¼ финалда Польшаның тағы бір командасы “Ягеллонияны” жарыс жолынан шығарды. Бұл жұптың да екінші ойынында тең есеп тіркелді. Екі ойын есебі 2:0, 1:1. Бетис жарысты ары қарай жалғастырады.
Соңғы жолдаманы Швецияның “Юргорден” клубы иеленді. Австрияның “Рапид” командасынан алғашқы ойында 1:0 есебімен жеңілгенімен, жауапты ойында 4:1 ұтты.
Осылайша жартылай финалда “Бетис” пен “Фиорентина”, “Челси” мен “Юргорден” қарсылас атанды. Командалар алғашқы матчты 2 мамырда өткізсе, жауапты кездесуді 9 мамырда ойнайды.
"Аяғыма оқ тиіп, кестіруге мәжбүр болдым": Сынаққа сынбаған Паралимпиада чепионы Ербол Хамитов жайлы не білеміз?

