Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

УЕФА Еуропа лигасының 1/8 финалдық жұптары анықталды

Еуропа футбол қауымдастықтары одағы (УЕФА) бүгін Швейцарияның Ньон қаласында Еуропа лигасының жеребе тарту рәсімін өткізді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: UEFA

Дүбірлі доданың 1/8 финал ойындары 6-7 наурызда өтеді. Ал жауапты матчтар наурыздың 13-14 жұлдызына жоспарланған.

Ендеше, плей-оффта кездесетін командалар:

“Виктория” Пльзень – “Лацио”

“Аякс” – “Айнтрахт” Франкфурт

“Реал Сосьедад” – “Манчестер Юнайтед”

“Фенербахче” – “Рейнджерс”

“Буде-Глимт” – “Олимпиакос”

“АЗ” Алкмар – “Тоттенхэм”

“ФЦББ” – “Лион”

“Рома” – “Атлетик” Бильбао

Еуропа лигасының финалы 21 мамырда Испанияның Бильбао қаласындағы “Сан-Мамес” стадионында өтеді.

Абылайхан Палмағанбет
Жұма, 21 Ақпан, 2025 16:39