Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Церебральды сал ауруымен ауыратын жасөспірім қаза болған анасының жанында бір апта өлім аузында жатқан

Удмуртия Республикасы Можга қаласында қайғылы оқиға орын алды. Созылмалы дерттен  жалғыз басты ана ДЦП-мен ауыратын 13 жастағы ұлының жанында көз жұмған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Сурет: pixabay.com

Өліп жатқан анасының жанында қалған жасөспірім өзі де эпилепсиямен ауырған және мүлдем сөйлей алмаған. Аштықтан қиналған ұл бала ұзақ айғайлап жатады. Көмекке шақырады, алайда оған көршілері мән бермейді. Айтуыларынша, жасөспірім ылғи осындай қылық көрсетеді, сол себепті шуға аса қатты мән бермеген. 

Кейін бала коляскадан тұрып, ас үйге беттеген. Кранды ашып, су ішпекші болған, бірақ құлап қалады. Су ағып, барлық ас үйді су басады. Пәтер бірінші қабатта орналасқан, бірақ ешкім жертөлені су басқанын байқамаған.

Жасөспірім едендегі мұздай судың үстінде қаза болады. Денесі суынып, жүрегі тоқтаған.

Желтоқсанның 6-сы өлі денесі табылған. Әуелі баланы мұғалімдері іздей бастаған. Пәтерге екінші рет кіре алмай қойған кезде полиция қызметкерлерін шақыруға мәжбүр болған.

Талқылау