Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ҰБТ: Астанада түлектердің қулығы жаппай әшкере болды

Бүгін түлектер үшін басты сынақ Ұлттық біріңғай тестілеу басталды. ҰБТ-ға биыл бағын сынауға ел бойынша 93 мың ұл-қыз қатысуда. Соның 70 мыңға жуығы емтиханды қазақ тілінде тапсыруды қалапты. Бұл туралы КТК хабарлайды.

5b6fd416bc0242cc64fed6475c53fec2

Биылғы Ұлттық бірыңғай тестілеуге түлектердің үлкен қобалжумен келгені анық. Өйткені, сынақ жылдағыдай емес, күрделене түсіп, жаңа форматта басталды.

Десе де таңмен таласа тұрып, тестілеу орталығына ағылған мектеп бітірушілерудің үміті зор. Бағының да, бабының қатар шабатынына іштей сенеді. Ұл-қыздарының үкілі үмітін үкілеп келген ата-аналар тақымды үйде қыспай, балаларымен ере келген.

Ал, тест тапсыратын аудиторияға кіргенде ұл-қыздар одан бетер мазасынданып кетті. Өйткені, тексеру кезінде көбінің қулығы әшкере болды. Бірі ұялы телефон жасырып өтпек болса, енді бірінен шпаргалка тәркіленді. Бірақ, бұған қарамастан түлектер жоғары бал алатынына сенімді.

“Меніңше жеткілікті жақсы бал алуым керек. Бірақ, өзімді сондай ақылдымын деп ойламаймын”, – дейді түлек Әділ Сейітжанов.

Ал, әрі-сәрі күйге түскен түлектерді демеуге Білім министрінің өзі келген. Еліміздің бас мұғалімі Ерлан Сағадиев құпия сақталған тест кітапшаларын ашып беріп, барлығына сәттілік тіледі.

“Сұрақтар аса қиын емес. Уақыт бар. Уайымға салынудың қажеті жоқ”, – деді министр.

Жылда басынан дау арылмайтын ҰБТ-ны биыл түлектердің жаңа форматта тапсырып жатқаны белгілі. Яғни, сынақ екі кезеңге бөлінген. Оқушылар алдымен аттестат алу үшін мектепте емтихан тапсырып, енді міне жоғарғы оқу орнына түсу үшін 140 сұраққа жауап беруі тиіс. Университетке түсу үшін кемі 50 ұпай қажет.

“Сұрақтардың саны көбейді. Уақыт көбейді. Сұрақтардың 20 пайызы өзгерген. Балалар оған дайын. Әр бала 8-9 рет сынақтан өтті”, – дейді Ерлан Сағадиев.

Ал, баласына уайымдаған ата-аналардан маза кеткен. Күннің ыстығына қарамай, сынақ өтіп жатқан аудиторияны тікелей эфирден көріп тұр. Ал, 3 сағат 50 минут уақыт берілген тесттен алғашқы түлек екі жарым сағаттан кейін шықты.

Бір айта кетерлігі сынақ өтіп жатқан кезде жедел-жәрдем ғимаратқа жиі-жиі кірді. Сөйтсек, қобалжыған түлектер есінен танып қалыпты.

Осылай түлектердің жүйкесін жұқартқан ҰБТ-ның алғашқы күні 17 мың ұл-қыз сынақ тапсырды. Жалпы 1-ші шілдеге дейін жалғасатын тестілеуде ел бойынша 93 мың мектеп бітіруші емтихан тапсырмақ. Ал, ұпайына көңілі толмағандар ертеңнен бастап апелляциялық шағым түсіріп немесе тамыз айында ақылы түрде тестті қайта тапсыра алады. Оның құны 2.242 теңге.

Оқи отырыңыз:

Дін істері министрі: Сирияға кеткендердің 90%-ы опық жеп, істегеніне өкінеді

Алматыда жоғалған студенттің Шымкентте жүргені анықталды

Қазақ келіншек: Жағдайымды жасай алса, шалға да тұрмысқа шығуға дайынмын

Оралман қыздар: Қазақстанда бізге ауылдан келген деп қарады, бірақ біз Америкадан келген едік

Талқылау