Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Уақытша тіркеуге тұрмағандарға бір ай ішінде айыппұл салынбайды

ҚР ІІМ басшысы Қалмұханбет Қасымов бір ай ішінде уақытша тіркеуге тұрмағандарға айыппұл салынбайтыны айтты.

781944

«Бір ай ішінде ескерту жасап, қосымша шаралар қолданамыз», – дейді Қасымов Үкімет отырысында.

ІІМ басшысы халыққа ауыртпалық түспеу үшін кез келген Халыққа қызмет көрсету орындарында тіркеуге тұруға болатынын айтты.

Сарапшылардың пікірінше, бұл шара заңсыз жұмыс істейтін жалға берушілерді тәртіпке салып, ішкі көші-қон есебін реттейді.

Қабылданған заң бойынша, 7 қаңтардан бастап тіркеуі жоқазаматтардың айыппұл төлеуіне қатысты қоғамда дау туындап жатыр. Енді міндетті уақытша тіркеуге тұрмаған тұрғындар да, пәтер иелері де айыппұл төлеуге мәжбүр.

Заңды құрастырушылардың айтуынша, бұл заң уақытша тіркеуге орналасқан азаматтардың әлеуметтік көмектерді пайдалануына жол ашады. Сондай-ақ, бұл ереже заңсыз жалға берушілерді де анықтап, ішкі миграцияның бір жолға түсуіне жол ашпақ.

Үкімет басшысы iшкi iстер министрiне тiркеу шикiлiктерiне қатысты сын айтты.

Талқылау