Науқас баласы бар астаналық әйел уақытша тіркеудің кесірінен баспанасынан қуылды
Астана қаласындағы Сарыарқа ауданының әкімдігі уақытша тіркеудің кесірінен баспанасынан айырылғалы отырған отбасыға көмектесуге уәде етті.
Бұл туралы Крыша жазды.
Отбасы туралы ақпарат басылымдарда жарық көргеннен кейін Ботагөз Сұлтановаға Сарыарқа аудандық әкімі аппаратының басшысы Ержан Жақұбаев хабарласқан.
«Бізге қолайлы болатындай тұрғылықты жер тауып беруге көмектесеміз деп уәде етті. Сондай-ақ, ол жерде уақытша тіркеуге мүмкіндік болатындай етіп қарастыратындарын айтты. Сол сияқты көшуге және алғашқы уақытта пәтерақысын төлеуге көмектесуге уәде етті. Шынымды айтсам, мұндайды күткен де жоқпын. Әлі де сене алар емеспін, бастысы уәделер орындалады деп үміттенемін», — дейді әйел.
Аудандық әкімдіктегілер ақпаратты растап, бұл отбасының мәселесі қарауда екенін жеткізді.
«Адамгершілік тұрғысынан бұл отбасыға тез арада тұрғылықты жер табуға көмектескіміз келеді. Ол үйдегі жағдай осы отбасыға сәйкес келсе дейміз. Көмектесуге әзірміз, қолымыздан келгеннің бәрін жасаймыз. Көшуге көмек қажет болса, оны да істейміз. Алғашқы уақытта пәтерақысын төлеу мәселесін заң жүзінде қарастырамыз. Лайықты пәтер таптық десек те болады. Сәйкес келіп жатса, көшуге көмектесеміз», — деп сендірді Жақұбаев.
Жіберіп алмаңыз:
Ақтөбеде әйел 11 айлық сәбиін жатақхана дәлізінде тастап кеткен
Қазақстандық әйел туған қыздарын зорлап келген күйеуі туралы айтты
Шымкентте сатушы әйелдің өлімі бойынша айыпталған күйеуі кінәсін мойындаған жоқ
Атырауда мұғалімді өлтірді деген күдікпен қарауыл қамауға алынды