Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Уақытша әңгіме": Мөлдір Әуелбекова желіде отырып ақыл айтатындарды сынады

Танымал әнші Мөлдір Әуелбекова әлеуметтік желіде отырып, курс сатып, ақыл айтатындарды сынады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/moldir.auyelbekova/

Өнер иесі ақшаға ақыл сататын коуч-психологтарға үндеу жасады. 

“Ақыл айтпайтын адам қалды ма өзі?! Инстаграмды ашсаң бәрі ақыл айтып жатыр. Соның ақылын тыңдасаң, курсын сатып алсаң, конкурсына қатыссаң байып кетеді екенсің-мыс… Адам екі қол екі аяқпен еңбектенсе ғана бай болады. Қолыңды көтеріп жұмыс істе, кәсіп қыл! Қалғаны бәрі алдамшы, тұрақсыз, уақытша әңгіме. Шаршамадыңдар ма?! Кішкене бір кідірсеңдерші”, – деді әнші.



Еске салайық, өнер иесі бала күтушісіне бағалы сыйлық бергенін жасырмады. 

“Туған күнге жаңа айфон! Бұйырса, Гүлназым тұрмысқа шығамын дейді! Керемет жаңалық! Өзім ұзатамын! Бірақ басқа бала күтуші алу қандай қиын болады бізге," – деп әнші өкінішін де айтты. 

Талқылау