"Уақыт беріңіздер, қайтарамын" дедім": Баян Алагөзова 1 миллион доллар қарызға батқан кезін еске алды
Фото: https://www.instagram.com/bayanmaxatkyzy?
Белгілі қазақстандық продюсер әрі актриса Баян Алагөзова “Персонально MuzZone” жобасында бір миллион доллар қарызын екі жылда қалай өтегенін айтып берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Баян Алагөзова қиындықтарға жеңіл қарауға тырысатынын, ешқашан күйзеліске салынбайтынын айтты. Ол тіпті жобалары сәтсіз шыққан күннің өзінде өзін ешқашан жазғырмайды.
“Жобамның бәрі мен үшін қымбат, себебі олардың әрқайсысы жүректен шығады, қаншама еңбек сіңген. Не істесем де, өзімді еш уақытта кінәламаймын. Фильм өтпей қалса да, топ жүрмей қалса да, ән шықпай жатса да, екінші, оныншы, жиырмасыншы жобалар сәтсіз болса да, өзімді жеңілдім деп санамаймын”, – деді ол.
Сондай-ақ ол миллион доллар қарызға батқан кезін есіне алды. Оның сөзінше, ол бұл жағдайға ойын секілді қарап, уайыммен өзін қажап тастамауға тырысқан.
“Мен адамдарға барып: “Міне, менің қолым. Мен ешқашан ешкімді алдаған емеспін, ондай адам бұл дүниеде жоқ. Мен әрқашан қарызымды өтеймін. Маған уақыт беріңіздер, мен қайтарамын. Қанша уақыт кететінін білмеймін. Қазір ондай ақша табатын дайын жобаларым жоқ” дедім”, – деп есіне алды ол.
Ол қарызын екі жыл бойы қайтарған.
"Бірақ сол уақытта мен тыныш ұйықтадым. Тамақты да рахаттанып жедім. Өмірге де солай қуана қарадым, өйткені мәселеге қаншалық жеңіл қарасаң, ол соншалық тез шешіледі", – деді продюсер.
Продюсер тіпті мансабының басында да ешқашан толқу немесе үрей сезімін бастан кешірмеген.
Айта кетейік, бұған дейін Баян Мақсатқызы әйелдерге екі күйеуге тұрмысқа шығуды заңдастыруды ұсынғаны хабарланған еді.
"Әсіресе аяғы ауыр әйелдер мен балаларға өте қауіпті": "Гонконг" тұмауын кәдімгі тұмаудан қалай ажыратуға болады