Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Уәде еткен 10 млн теңге төлемді төлеген жоқ": Стоматологияға барамын деп көз жұмған қыздың анасы Цойға жауап берді

Нұр-Сұлтанда стоматологқа барамын деп комаға түскен қыздың анасы Анастасия Зеленая Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдың мәлімдемесіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Денсаулық сақтау министрлігінің қызымыз қайтыс болғаннан кейінгі жағдайдан соң біздің стоматологияға ешқандай шағымымыз жоқ деп мәлімдеді. Осыны естіп, төбе шашым тік тұрды. Шынымен бе?

Иә, біз бір жыл бұрын сотта солай дегенбіз, бірақ одан кейін жағдай өзгерді. Алиса ауруханаға жатып қалғаннан бері бірнеше ай өтті.  Дәрігерлер уақыт  қажет екенін, оның комадан шығатынын айтты. Шетелден маман, дәрігерді шақыру үшін бізге ақша керек болды", – деп жазды қыздың анасы.

Оның айтуынша, стоматология директоры қызының емделуіне ақша төлеуге уәде берген.


"Тағдыры солай жазылған": Маңғыстау облысында сынықшыға барғаннан кейін қолы ампутациялаyған баланың анасы мәлімдеме жасады 


"Егер біз лицензиядан айыруды талап етсек, онда стоматология жабылып, бізге төлем жасай алмайтынын айтты. 10 миллион теңгеге қолхат жазып, жыл бойы ай сайын төлейтінін айтты. Екі ай бойы 500 мың теңге төлеген соң, ақша жіберуді қойды. 8 ай өтті, біз сотқа қолхат бойынша өтініш бердік. Сотта жеңдік. Сот орындаушысы олардың шоттарын бұғаттады, бірақ олар бұл шешімнің күшін жоюға шағым жасаған", – дейді әйел.

Айтуынша, стоматологияға қатысты шағымдар бар. 

"Баланың өліміне әкелген медициналық қателік. Біз үнемдемей, сол кездегі Астанадағы ең үздік стоматологиялардың бірін таңдадық. Емдеу құны 300 мың теңгеге шықты. Қымбат болса, мықты маман жұмыс істейді деп ойладық. Бірақ олай болмай шықты. Біздің орнымызда кез келген адам болуы мүмкін еді. Қазір мен демалып, қалыпқа келуге тырысамын. Бізге көмектесулеріңізді, сұраймын," – деді Анастасия Зеленая.

Еске салсақ, 21 маусымда Нұр-Сұлтанда тіс дәрігеріне барғаннан кейін бір жарым жыл комада жатқан қыз Алиса Зеленая өмірден өтті

 

Талқылау