AAPL
140.52 $
0.11 %
TSLA
658.8 $
4.88 %
NDAQ
147.5 $
0.59 %
GOOGL
2116.1 $
-0.16 %
FRHC
40.13 $
0.96 %
AAPL
140.52 $
0.11 %
TSLA
658.8 $
4.88 %
NDAQ
147.5 $
0.59 %
GOOGL
2116.1 $
-0.16 %
FRHC
40.13 $
0.96 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"У шашып жатыр": Көкшетау тұрғындары сауда орталығына жасалған дезинфекциялауға шағымданды

Көкшетаудағы ең ірі  көтерме сауда орталығына жасалған дезинфекциядан адамдар да улана жаздады. Азық-түлік сататын нысанда таракандарға қарсы дәрі шашқан "Дезинфекция Көкшетау" серіктестігі жұмысшыларының әрекеті жұрттың жағасын ұстатты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “КТК” арнасына сілтеме жасап. 

Олар сөреде тізіліп тұрған тұтыну тауарларына қарамастан, ғимарат ішін арнайы құрылғымен улап шыққан. Осыны көрген тұрғындар бұл жерден азық-түлік алуға жүрексініп отыр.

Сауда орталығында көбейіп кеткен таракандардың көзін жоюға  дезинфекторлар жексенбі күні келіпті. Бұл кезде сатушылар үйлеріне қайтып, тек дүңгіршек иелері қалған екен. Зиянкестер басып кеткен бұл нысан бұған дейін де талай залалсыздандырылған. Бірақ осы жолы сауда үйіне әкелген дауысы  зор  термогенераторды  көрген сатып алушылардың зәресі ұшқан.

“Әрине, бұл дұрыс емес. Иісі сұмдық болды, үстімізге сіңіп кетті.Ашық тұрған тамақ та сіңірген шығар. Жауып қойған целлофандар ұшып жатты.  Анау жақта біреу ауырып қалды. Жедел жәрдем дәрігерлері жүгіріп өткенін көрдім. Иә, таракан көбейіп кетті деп жатқан. Өзім жәндік көрмедім”, – дейді сатушы Светлана Никонорова.

Бұл бейнежазбаны көрген жұрт мұндағы азық-түлікке күдікпен қарап жүр. Бірақ үйреншікті сауда үйі болғандықтан, тұтынушылар азаймаған сияқты. Ал сауда үйінің басшысы арнайы лицензиясы бар серіктестікпен келісімшарт жасалып, ай сайын залалсыздандыру жасалады дейді.

“Дезинфекциялық компанияның жұмысы ол. Заттарды жерден көтеру, жабуды солар ескертіп жұмыс істеуі керек. Азық-түлік жабық па, жоқ па, қарамай ма? Біз маман емеспіз. Технологиясын солар біледі”, – дейді "BOTAY DEVELOPMENT"АҚ директоры Дмитрий Игнатьев.

“Осы жолы таракандар көбейіп кетті, жәндіктер көбейіп кетті деген өтінім түсті. Біздің шаруамыз – дайын тұрған дүңгіршектерге келіп, өз жұмысымызды атқару. Біз біреудің нәрсесін,тауарын қозғай алмаймыз”, – дейді "Дезинфекция Көкшетау" ЖШС директорының орынбасары Бота Әлиева.

Дезинфекторлар шашқан химиялық қоспаның адам денсаулығына зияны бар екен. Санитар мамандар бұл дәрі қауіптілігі жағынан 3 санатта екенін айтады.  

“Сауда орталығында таракан улаған дәрінің жағымсыз иісі әлі де мүңкіп тұр. Саудагерлер сезсе де сезбегендей. Өйткені олар жұмыс орындарын мүлдем жауып қоя алмайды. Осы оқиғадан кейін санитар дәрігерлер санитарлық гигиеналық сараптама жасау үшін 5 түрлі тағамнан сынама алған”, – дейді ол.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр