Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"У шашып өтті": СҚО-да "түсірілген" ұшақтың видеосы жұртты шошытты

Солтүстік Қазақстан облысында "у" шашып өткен ұшақ түсірілген видео қазақстандықтарды шошытты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Stopfake.kz сайтына сілтеме жасап. 

Шындығында, басылым анықтағандай, кадрлар 2012 жылдың желтоқсанында YouTube-те түсіріліп, жарияланды. Ту-204 ұшағын Якутскіде түсіріп алған. Сол кездегі ауа температурасы нөлден 45 градусқа тең болды.

Ұшақтың артындағы із инверсия немесе конденсация деп аталады. Ол конденсацияланған ылғалдан, тамшылардан немесе мұз кристалдарынан және атмосфераның белгілі бір жағдайларында қозғалатын ұшақтардың артында пайда болады.

Әдетте бұл құбылыс тропосфераның жоғарғы қабаттарында байқалады, бірақ ауа температурасы төмен болған кезде оны төмен биіктікте де байқауға болады, дейді ашық көздер.

 

Талқылау