Түркияның ең танымал актері Бурак Озчивит отбасын құрды (фото, видео)
Түркияның ең танымал актерлерінің бірі Бурак Озчивит пен актриса Фахрие Эвджен отбасын құрды.
Бұл туралы Instagram желісінен белгілі болды, деп хабарлайды Stan.kz.
Күні кеше Бурак өзінің әріптесі Фахрие Эвдженге үйленді. Неке қию рәсімі Босфор бұғазының жағалауында өтті.
Бурак Озчивит Қазақстан көрермендеріне жақсы таныс. Әсіресе, “Өшпес махаббат” (Кемаль) фильміндегі образынан кейін елімізде Бурактың фанаттары көбейген.
Кино саласының қос майталманы бірнеше жылдан бері кездесіп жүрген. Ал биылғы жылдың басында Бурак дәл өзінің туған күнінде Фахриеге жүрегін ұсынған болатын.
Публикация от ❤Бурак Озчивит_Фахрие Эвджен❤ (@__burak_fahriye__)
Любовь витает в воздухе💍✨ #буракозчивит #фахриеэвджен #будьтесчастливы @evcenf @burakozcivit
Публикация от ❤Бурак Озчивит_Фахрие Эвджен❤ (@__burak_fahriye__)
Айта кетейік, Бурак пен Фахрие бірнеше фильмде (“Любовь похожа на тебя”, “Королек птичка певчая”, “Бозторғай” және т.б.) бірге ойнаған. Бұдан өзге, Бурак әйгілі “Сұлтан Сүлеймен” телехикаясында Бали Бейдің рөлін сомдаса, Фахрие қазақстандықтарға жақсы таныс “Үзілген жапырақтар” сериалында Неджланың рөлін ойнаған.
Жіберіп алмаңыз:
“Димаштың концерті ауыл деңгейінде өтті” деп сынаған оқырман желіні шулатты
Тұрсынғали Алагөзовтің әкесі: Ұлымды сынаған елге түкіргенім бар
Батыр Байназаров: Мақпал Исабекова екеуміздің махаббатымызға сеніңіздер
Екі баланың анасы атанған Меденова иығын жалаңаштағаны үшін ұрыс естіді