Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте ТЖД қызметкерлері тазалық іс-шарасына белсенді қатысты

Бүгін шаhарда "Шымқала - таза қала" акциясы аясында жалпықалалық сенбілік өтуде, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Тазалық іс-шарасына Шымкент қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері (80 адам) жеке құрамымен белсенді қатысып, Желтоқсан көшесінен бастап, Темірлан тас жолы бойында және ирригациялық жүйелерде Әл-Фараби көшесінің қиылысына дейін тазалау жұмыстарын жүргізді.

Қала аумағында орналасқан барлық өрт сөндіру бөлімдері өздеріне тиесілі аумақтарда сенбілік өткізуде.

Сондай-ақ, Еңбекші ауданының төтенше жағдайлар бөлімінің жеке құрамы, жедел құтқару жасағы, Еңбекші ауданы әкімдігінің қызметкерлері, аудандық ЖПҚ қызметкерлері бірлесе аудан аумағындағы тұрғындарға өрт қауіпсіздігі және улы газдың алдын бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.

Айнұр Мұхади
Сенбі, 02 Қазан, 2021 15:21
Талқылау