Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тұздылығы 15 граммға жетсе балықтар жаппай қырылады: Мәжіліс депутаты Арал теңізінің жағдайы мәз емес деп дабыл қақты

Мәжіліс депутаты Мархабат Жайымбетов Арал теңізіндегі мәселені көтерді. Ол соңғы уақытта судың тұздылығы 13 грамм литрге жетіп қалғанын айтып дабыл қағуда. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Парламент қабырғасында мәжілісмен Мархабат Жайымбетов Премьер-Министрдің Бірінші орынбасары Роман Склярға Арал теңізінің проблемалық мәселелерін шешу бойынша кешенді шаралар қабылдау туралы депутаттық сауалын жолдады. Сөзінде теңіз көлемі соңғы 12 жыл ішінде 8,5 миллиард текше метірге азайғанын, ондағы халық бұл жағдайға қатты алаңдап отырғанын айтады. 

“Арал теңізі үштен бір бөлігінен айырылды. Суы қашқан теңіздің орнынан көтерілген тұздар бүкіл Орталық Азия елдеріне зиянын тигізетін экологиялық апатқа айналды. Нәтижесінде судың тұзы 8 ден 13 грамм литрге көбейген. Ал егер судың тұздылығы 15 грамға жетсе балықтар жаппай қырылады. Сырдария арқылы құйылатын су көлемі күрт азайды. Теңіздің тартылуы салдарынан 3 мыңға жуық балықшы нәпақасынан айырылып, 9 балық өңдеу зауыты мен 14 шағын цех тоқтап қалу қаупінде тұр. Теңізге жыл сайын 3 миллиард текеш метр су түсуі қажет”, - дейді депутат. 

Сондай-ақ ол осы мәселені шешу үшін бірқатар кешенді шаралар легін ұсынған. Қатарында 3 мемлекет арасында арнайы теңізге бөлек су лимитін белгілеу және мемлекетаралық келесімге кепілдендірілген келісім мәртебесін беруге атсалысу тізбектері бар. Оның сөзінше бүгінде Арал теңізіне келетін су лимитін бақылап отырған ешкім жоқ көріне

Олжас Нұржақып
Сәрсенбі, 24 Мамыр, 2023 17:29
Талқылау