"Тұтқындарға танысының үйін жөндеткізген": Қарағандыдағы тергеу изоляторының бұрынғы бастығы колонияға қамалды
Қарағанды қаласының Қазыбек би аудандық соты сотталғандарды күзет мекемесінен құрылыс жұмыстарына шығарғаны үшін айыпталған АК-159/1 бұрынғы бастығына үкім жарияланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Қылмыстық іс судья Саян Аққожиннің төрағалығымен қаралды. 49 жастағы сотталушыға ҚР ҚК-нің 362-бабы 4-бөлігінің 3-тармағы "өзіне немесе басқа адамдарға пайда мен артықшылық алу мақсатында билікті немесе лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану" бойынша айып тағылды.
Қылмыстық істің материалдары бойынша, осы жылдың мамыр айында сотталушыға оның танысы жаңа пәтеріне жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін құрылысшылар бригадасын табуды сұраған.
Сол кезде АК-159/1 бастығы лауазымын атқарған сотталушы өзінің іс-әрекетінің заңсыздығын біле тұра, құрылыс жұмыстарында тәжірибесі бар үш сотталушының күшімен жөндеу жұмыстарын жүргізуге бекінген. Ол мекеме жүргізушісі мен теологқа сотталғандарды объектіге алып барып, тергеу изоляторына қайта жеткізуді бұйырған.
Сотталушылар пәтерде 5-9 мамырда жұмыс істеді. 9 мамырда таңертең оларды сол жерден Қарағанды облысы полиция департаментінің жеке қауіпсіздік бөлімінің қызметкерлері тапты. Бұл факт бойынша қызметтік тергеу жүргізіліп, оның барысында сотталушы мен бірқатар қызметкерлер жұмыстан шығарылды.
Отырыс кезінде сотталушы өз кінәсін мойындады. Дегенмен, ол бұл әрекеттерден ешқандай пайда көрмегенін, тек досына көмектескісі келгенін айтты. Сондай-ақ, ол сотталғандарды пәтерді жөндеуге мәжбүрлемегенін, тек көмек сұрағанын атап өтті. Тұтқындар оған өз еркімен көмектесуге келіскен-міс.
Айта кету керек, жөндеуге барған тұтқындар тергеу изоляторының бұрынғы бастығының сөздерін растады. Олар өз еркімен барғанын айтты, өйткені олар үшін жұмыс істейтін орынның айырмашылығы болмаған.
Пәтер иесі де сотталушыны қолдады. Ол оған құрылысшылар үшін ақы төлегісі келмегенін, онымен жеке есептесуді жоспарлағанын айтты. Сондай-ақ, әйел олардың сотталғандар қатарынан екенін білмеген.
Барлық тараптарды тыңдағаннан кейін сот сотталушының кінәсі көрсетілген бап бойынша толық дәлелденді деген қорытындыға келді. Сот оны 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасын ең төменгі колонияда өтеп, мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан біржола айырды. Сондай-ақ, сот оны әділет полковнигі атағынан айырды. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
