Тұсаукесер рәсімін өткізді: Маржан Арапбаева қызының құрметіне той жасады (видео)
Әнші Маржан Арапбаева қызының тұсаукесерін өткізіп, ұлан-асыр той жасады. Бұл тойда өнер жұлдыздары қонақ болды.
"Сафиямнын тұсауы кесілді, қадамың құттық болсын! Дәл мендей ойлаған мақсатыңа жетпей коймайтын, енбекқор, тынымсыз, бұзық кыз бол, Балапаным. Тұсауыңды кескеніміз үшін өте қуаныштымын. Сен жақсы, жүрегі кең адам болатыныңа сенемін. Ата-анаңа, ата-әжеңе таңдауы үшін, сенгені үшін алғыс айтам", - деп жазды тұсаукесу міндетін атқарған Айнұр Махамбет.
Тойға Тұрсынбек Қабатов жұбайымен, Қайрат Нұртас жұбайымен, Айгүл Иманбаева, Қарақат Әбілдина, Айгүл Мүкей т.б. танымал жандар қонақ болып келді.
Әнші тойға келген қонақтарына алғысын айтты.
"Кеше Сафия қызымыздың тұсаукесер тойын өткіздік. Барлық келген қонақтарыма үлкен алғыс айтамын. Әр шаңырақа сәби болсын. Балапандарымыз бақытты болсын. Сіздерді жақсы көремін, туыстар, бауырлар, достар! Сафия Ерболқызы. 1 жас", - деп жазды Арапбаева желіде.
Желі қолданушылары құтты болсын айтып, Сафияға ақ тілегін жаудырды.
Тағы оқыңыз:
"Біздің ұлымыз бар": Маржан Арапбаева ешкім білмейтін құпиясын бөлісті

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
