"Тұрсынбектікі шыққанынан бастап өзінің мысығын айту": Бауыржан Ибрагимов танымал әзілкешті актер ретінде қабылдамайтынын айтты
Белгілі актер, "Бауыржан шоу" әзіл-сықақ театрының жетекшісі Бауыржан Ибрагимов журналист Аман Тасығанның Talklike жобасына сұхбат беріп, қазіргі қазақ өнерінің жағдайы туралы, кімнің актерлік өнерін бағалайтынын, ал кімді актер санамайтынын айтты. Оның ойынша, өнердегі тоқырау көрерменді арзан күлкі мен әзілге әуес қылды.
"Бұрынғы заманның көрермені өнердің бағасын білетін. Қазір жаңадан шыққан әнші инстаграм арқылы өзінің жарнамасын жасап танымал болып шығады. Біз баяғыда ауыл-ауылды аралап, бір жарым-екі айға кететінбіз гастрольге. Сахнаға шықсақ салиқалы бір нәрсені шығаруға үйрендік. Оның сценарийін маманы жазуы керек, оған байланысты біз образын жасап шығамыз. Көрерменді жоғары талғамға жетеледік. Халыққа не бересің, соны алады. Жоқ болса, мынау да өнер екен ғой деген ой қалыптасады", - деп налиды актер қазіргі қазақ өнерінің жайы туралы.
Ол журналистің кімнің өнерін бағалайсыз, кімге көңіліңіз толмайды деген сауалына:
"Қабатовта сплошной шыққанынан бастап өзінің мысығын айту, т.с.с., мен ондай юморды қабылдай алмаймын, ол менікі емес. Түсінбеймін. Мен оны актер ретінде қабылдамаймын, ренжісе де шындықты айтып отырмын, оны конферансье ретінде қабылдаймын. КВН-ның стилі, тамада, бірақ актер емес", - деп жауап берді Бауыржан Ибрагимов.

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
