Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тұрсынбек Қабатовтың әйелі қайын сіңлісі мен әпкесін көпшілікке көрсетті

Тұрсынбек Қабатовтың жары Мөлдір Мұқанова қайын сіңлісі мен өз әпкесін көпшілікке көрсетті. Әзілкештің әйелі әпкесі мен қайын сіңлісінің ұқсастығы жайлы айтты. 

“Біз үш апалы-сіңліліміз. Анамда да дәл солай. Өзімде де Аллаға шүкір үш қызғалдағым бар. Інімнің үшінші қызы былтыр желтоқсан айында өмірге келді. Қайын сіңлілерім де үш апалы-сіңлілі. Қайын сіңлім Еркем мен апам Айгүлдің мінездерінің ұқсастығын көрсеңіздер. Екеуі де ерке, ашық, жүрген жерлерін күлдіртіп, әңгіменің майын тамызып жеткізеді. Санымен ғана емес, екі үйдің құдашаларының мінездері де бір-біріне келіп жатқанына кейде өзіміз де таңғалып жатамыз”, – дейді әзілкештің жары

Отбасында үш қыз болып өскен Мөлдір ханым үш қызы бар үйге келін болып түскенін айтады. Өзі де үш қыздың анасы. Мұны өз тағдырындағы ерекшелік деп атады. 

“Ең бастысы айтқым келгені, бүгін осы ортаншы апам Айгулдің туған күні. Кішкентай кезімде үсті басымды қадағалап, сәндеген осы кісі. Студент болғанымда оқуыма, жатаханама да орналастырып берген де осы кісі. Өзі ашық, сұлу, жайдары, бір басына жетерлік таланты мол. Ұйымдастырушылық қабілеті қандай жоғары. Жаңа жасың құтты болсын! Алла басыңа бар жақсылықты үйіп-төгіп бере берсін! Ортамызда аман-есен жарқырап жүре бер!”, – деп жазды Мөлдір Мұқанова желіде. 

Мөлдір ханым әпкесін туған күнімен құттықтап, тілегін жеткізді. 

“Білем Айгөлекті, жан-жағына жарық сыйлап, күлкі сыйлап жүретін адам ғой! Құтты болсын туған күні! Жасай берсін!”, “Әпкеңіздің туған күні құтты болсын, бір-біріңізден аумайды екенсіздер”, “Үш қызыңыздың қызығын көріңіздер”, “Қыз деген жақсы ғой, жанашыр болады”, “Тіл-көзден аман болыңыздар”, – деп жазды желідегі оқырмандары. 


Мөлдір Төлебай
Бейсенбі, 10 Наурыз, 2022 14:52
Талқылау