Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тағы ұсталды: Тұрсынбек Қабатовтың адам қағып өлтірген көмекшісі мас күйінде әртістің әйелінің көлігін жүргізген

Тұрсынбек Қабатовтың басы тағы да дауға қалды. Бұған дейін көмекшісі әртістің көлігімен адам қағып, соңы адам өлімімен аяқталған еді. Әртістің дәл сол көмекшісі тағы да мас күйінде көлік жүргізген жерінен ұсталды. 

Тұрсынбек Қабатов: Дәл осындай сынақ бергені үшін Аллаға сансыз шүкіршілік айтам

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Көкшатау Азия сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Тұрсынбек Қабатовтың көлігін заңсыз жүргізген көмекшісі тағы ұсталды. Ол бұл жолы Қабатовтың жары Мөлдір Мұқанованың "Адиллак Эскалэйд" көлігін мас күйінде жүргізгені анықталды. Көлік жылдамдығын асыра жүргізген ер адамды полиция құрықтады. 

Тұрсынбек Қабатов көпшілікке үндеу жариялап, қайғылы оқиғаға қатысты пікір білдірді. Әртіс қазаға өзінің қатысы жоқ екенін айтты. Көмекшісіне көлік кілтін сеніп тапсырғанымен, оқиға орнында өзінің болмағанын айтты.  

"Ол менің жүргізушім емес. Менде жүргізуші жоқ. Көлігімді өзім жүргіземін. Марқұмның өзі кінәлі екені айтылды. Жолға жүгіріп шыққан екен. Істе осылай айтылды. Марқұмның артынан артық сөйлемей-ақ қояйын. Тұрсынбек бәрін шешіп тастады дегендерге айтарым. Мен ешкімге хабарласқан жоқпын. "Бәрін өзің шеш, мен араласпайын" дедім көмекшіме. Көліктің менікі екені рас. Ол үшін өкініп, кешірім сұраймын", - деп жазды Қабатов. 

Екінші оқиғаға қатысты Қабатовтың өзі де, әйелі де жауап берген жоқ. 

Айта кетейік, қазақстандық әртіс, сықақшы Тұрсынбек Қабатовтың атына тіркелген көлік Теміртау-Нұра-Нұр-Сұлтан тас жолында ер адамды қағып өлтірген. Марқұмның туыстары кінәлілердің әлі де жазаланбағанын айтып шағымданды.

Талқылау