AAPL
130.48 $
2.46 %
TSLA
617.69 $
1.28 %
NDAQ
175.16 $
1.28 %
GOOGL
2448.91 $
0.77 %
FB
336.77 $
1.66 %
FRHC
59.48 $
1.16 %
AAPL
130.48 $
2.46 %
TSLA
617.69 $
1.28 %
NDAQ
175.16 $
1.28 %
GOOGL
2448.91 $
0.77 %
FB
336.77 $
1.66 %
FRHC
59.48 $
1.16 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Желіде Тұрсынбек Қабатов пен Нұржан Төлендиевті айнытпай салған жігіт кім?

Бекмаханбет Байтұрсынұлы есімді қазақ жігіті өнер өкілдеріне пародия жасап, көпшілікті күлкіге қарық қылды. Қызылорда өңірінің тумасы бір ғана видеомен желіде танымал болғанын айтты. 

Бұл туралы "Таңшолпан" бағдарламасында айтылды.  

Желіде Тұрсынбек Қабатовтың даусын айнытпай салып, пародия жасап жүрген азамат Қызылорда өңірінің тумасы. Аты-жөні Бекмаханбет Байтұрсынұлы. Мамандығы география пәнінің мұғалімі болғанымен өнер әлемінде қызмет етіп жүр. Той басқарады. Музыкаға жақын. Асылбек Боранбаевтың театрында қызмет етеді.

"Нағашы інім отын бұтап жатқанда пародия салшы деп өтінді. Тұрсынбек Қабатовты, одан кейін Нұржан Төлендиевті салдым. Ол бір ай бұрын түсірілген видео. Бірақ желіге 1-2 үн бұрын ғана салынған. Бірден тез тарап кетті. Қаралым көп жинады. Өзім олай тез тарайды деп ойламаған едім", - деді Бекмаханбет. 

Бекмаханбет Тұрсынбек Қабатовтан бөлек Нұржан Төлендиев, Уәлибек Әбдірайымов, Бекболат Тілеухан, Жанар Айжанова, Еркін Нұржановтың даусын сала алады. Пародияға, өнер әлеміне бала күнінен ынтық. Отандық шоу-жарыстарға қатысып көрген. Тұрсынбек Қаатовпен де басқа өнер өкілдерімен де кездескенін айтады. 

"Осы видео тараған соң маған хабарласқан жоқ. Себебі Тұрсынбек Қабатовпен де, Нұржан ағаларыммен кездескенмін. Ол кісілер мені біледі. Бұрын жарыстарда бірге жүрдік. Жанар Айжановаға пародия жасап бергенмін. Ол кісі жақсы бағалады. Тойларды басқарам. Сол кезде пародия жасаймын. Көпшілікке ұнап жатады", - деді ол. 

Айтуынша, желіде видеосы тарағалы бері өзін көшеде көріп танитындардың саны артқан. Алдағы уақытта пародист азамат өнер әлеміне келіп, осы салада жүруді мақсат еткен. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр