Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тұрсынбек Қабатов пен Мөлдір Мұқанованың балалары биімен әлеуметтік желіні жаулап жатыр

БиФото: https://www.instagram.com/moldir.mt

Әзілкеш Тұрсынбек Қабатов пен әнші Мөлдір Мұқанованың балаларының биі қазақстандықтарды тәнті етті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Әлеуметтік желілерде тренд билерді қайталаған жасөспірімдердің видеолары тез тарап, мыңдаған қаралым мен көптеген пікір жинап жатыр. 

Өнер иелерінің үш қызы – Әдема, Айым, Айару бірге билеген сәттерін жиі жариялайды. Олардың парақшаларынан түрлі заманауи трендтер мен би бағыттарын байқауға болады.

Билеп жатырФото: https://www.instagram.com/adema.tursinbekkyzy/

Кей видеоларда қыздарымен бірге анасы Мөлдір Мұқанова да билейді. Өнер иесінің қыздарымен бірге билеген сәттерін көрген жанның жүзінде еріксіз күлкі ұялайды.

Әншінің өзі бір жазбасында балалары — ең үлкен шабыт пен мотивация беретін жандар екенін атап өткен.

“Балаларым шабытымның демеушісі, шынайы мотиваторларым. Өмір маған сынақ жіберді, бірақ мен сүрінбедім. Себебі, мені алға жүруге сүйрейтін балапандарым бар. Солар үшін өрлеймін”, – деп жазды ол.

Билеп жатырФото: https://www.instagram.com/moldir.mt

Қыздардың дарынын әлеуметтік желі қолданушылары да байқап үлгерген. Көпшілік әртістердің үлкен қыздарының сахна мәдениеті мен би пластикасын ерекше атап өтіп жатыр. Олардың бірінің парақшасында бүгінде 100 мыңға жуық жазылушы бар, ал жазбаларына жазылған пікірлер жылы лебізге толы.

“Энергиясы тасыған анадан осындай қыздар туады екен ғой”, “Бақыттысыз ғой, осындай байлықтарыңыз бар. Тіл-көзден аман болсын!”, “Осындай талантты балаларыңыз бар, бақыттысыз”, “Жарайсыңдар, Мөлдірдің қыздары, тек алға”, “Кенжесінің заризмасы ұрып тұр”, “Өте жақсы билейді екен”, “Алтын қыздар және көңілді анасы”, – деп жазған.

Айта кетейік, бұған дейін продюсер Мөлдір Мұқанова әзілкеш Тұрсынбек Қабатовпен заңды түрде ажырасып кеткенін мәлімдеген болатын. Оның сөзінше, 14 жыл бұрын әзілкештің көңілдесі пайда болған. Сондай-ақ продюсер Тұрсынбек Қабатов балаларын бұғаттап қойғанын айтты.

Продюсердің сұхбатынан кейін желі қолданушылары Тұрсынбек Қабатовқа бойкот жариялауға шақырды. Оған қоса, Желі қолданушылары Тұрсынбек Қабатовтың Instagram желісіндегі парақшасында түрлі пікір қалдырып жатыр.

Кейінірек Тұрсынбек Қабатов экс-әйелінің сұхбатына жауап берді.

Айнұр Мұхади
Сәрсенбі, 05 Қараша, 2025 23:57
Талқылау