Тұрсынбек Қабатов экс-әйелінің сұхбатына жауап берді

Фото: https://www.instagram.com/tursynbek_kabatov_resmi
Танымал қазақстандық әзілкеш Тұрсынбек Қабатов әлеуметтік желідегі парақшасында бұрынғы жұбайы Мөлдір Мұқанованың сұхбатта жасаған мәлімдемелеріне жауап берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Өнер иесі балаларымен қарым-қатынасын үзбегенін айтады.
“Ардақты ағайын, мен балаларымды ешқашан бұғаттап қойған емеспін және мен балаларыммен біргемін, жақсы көремін. Осы күнге дейін балаларым үшін еңбек еттім, әлі де еңбек етемін. Алла денсаулық берсін!”, - деп жазған Қабатов.
Айта кетейік, бұған дейін продюсер Мөлдір Мұқанова әзілкеш Тұрсынбек Қабатовпен заңды түрде ажырасып кеткенін мәлімдеген болатын. Оның сөзінше, 14 жыл бұрын әзілкештің көңілдесі пайда болған. Сондай-ақ продюсер Тұрсынбек Қабатов балаларын бұғаттап қойғанын айтты.
Продюсердің сұхбатынан кейін желі қолданушылары Тұрсынбек Қабатовқа бойкот жариялауға шақырды. Оған қоса, Желі қолданушылары Тұрсынбек Қабатовтың Instagram желісіндегі парақшасында түрлі пікір қалдырып жатыр.
"Бағасы Еуропадан 10 есе төмен": Қазақстанға БАӘ, Ұлыбритания, Германиядан шетелдіктер медициналық көмек алуға келеді